Жақсылық Әлібек Әзілханұлының сайты

Четверг, 25.04.2024, 16:52

Меню сайта

Вход на сайт


Поиск

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей

Наш опрос
4. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстыңыз ба?
Всего ответов: 43

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Тылда еңбек еткендер

     

    Күлімбетов Сәдібас (1890-1965)

    1941-1945 жылдары «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Интернационал» колхозының төрағасы қызметін атқарған. 1918-1920 жылдары Азамат соғысында Чапаев дивизиясы құрамында соғысқан.

     

    Наурызұлы Жақсылық (1887-1961)

    Наурызұлы Жақсылық 1887 жылы «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Жиделі» ауылында дүниеге келген. Жастайынан жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. 4 кластық білім алып, көп ұзамай дүкен меңгерушісі болып орналасқан. Халыққа қалтқысыз қызметінің және аз уақытта сауда саласының қыр-сырын қыр-сырын жетік меңгергенін байқаған аудандық тұтынушылар одағының төрағасы Жақсылықты аудандық дайындау конторының бастығының орынбасары етіп тағайындайды. 1940 жылы «Октябрь» колхозында орналасқан селолық тұтынушылар кооперативіне бастық етіп жібереді. Сол кездегі Сырдың жағасындағы 10 колхоздың еңбекшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ететін тұтынушылар одағын басқарады. Елді ат-көлікпен өз мезгілінде қажетті бұйымдармен қамтамасыз етуде ерен еңбек етіп, ел алғысына бөленеді. 1947 жылы еңбек демалысына шыққанмен жұмыстан қол үзбей 1957 жылға дейін сауда саласында әр түрлі қызмет атқарады. 1961 жылы 3 қарашада ауыр науқастан қайтыс болады.

     

    Баймаханов Әбдіраман (1896-1972)

    Баймаханов Әбдіраман 1896 жылы «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Жаңалық» колхозында дүниеге келген. 1929 жылы «Жаңалық» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы еңбек майданына алынып, Мәскеу жанындағы Сталино қаласыныда көмір шахтасында 1946 жылға дейін жұмыс істеген. Стахановшы атанып,  бірнеше медальдармен марапатталған. 1947 жылы елге оралған соң «Табанкөл» каналын қазуға атсалысқан. 1960 еңбек демалысына шыққан.

     

     

    Келісбаев Кәдір (1898-1988)

    Кәдір ата 1898 жылы «Арықбалық» ауылында дүниеге келген. Кезінде колхозға мүше болған. Соғыс жылдарында, яғни 1943 – 1946 жылдарда еңбек колониясында жұмысшы болып еңбек еткен.30 жасына дейін ауылдағы қара жұмыстарды атқарған. Канал қазу, бақташылықты кәсіп еткен. Балаларының айтуынша 30 жасында Кәдір ата ұсталыққа мойын бұрған. Бұл кісі ешқашан ауру дегенді білмеген. Ислам дініндегі адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерін бойына сіңіре білген, ешуақытта дүние мүлікке, атақ пен мансапқа қызықпағандығымен ерекшеленеді.Өте әділ,таза, адал адам болған.

     

    Ниязов Пірімжар (1898-1979)

    Ниязов Пірімжар «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Жиделі» колхозында дүниеге келген. 1934 жылға дейін колхоздың түрлі жұмыстарын атқарған. 1934 жылдан 1946 жылға дейінгі аралықтарда «Арықбалық» ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1946-1960 жылдары су шаруашылығы маманы қызметтерін атқарған.    

     

     

    Тұрғанбай Әли (1900-1978)

    1942-1944 жылдары еңбек майданында болған. Соғысқа дейін, соғыстан кейін колхоздың малын баққан.

     

     

     

     

    МатыгуловЖұбаназаров  Ойнар Матығұлұлы (1921-1995)

     Жұбаназаров  Ойнар  1921  жылы  Арықбалық  ауылында кедей  диханның  семьясында  туған.  1929  жылдан  колхозда  мүше  болып  кірген. 1940  жылы  бұрынғы  «Интернационал»  орталау  мектебінің  7  класын  бітірген.  1940  жылдан 1942  жылға  дейін  «Жаңалық»  колхозында  колхозшы  болған. 1942  жылдан 1952 жылға дейін  Свердлов  облысы ,  Каменский -Уралский ауданы , № 705  Синарская трубный  заводта  11 цехта  жұмыс  істеген. 1952  жылдан  1953  жылға  «Ленин»  атындағы  колхозда  колхозшы  болған. 1953-1954 жылдарда  Қазалы  қаласындағы  бір  жылдық  мал  шаруашылығы  мектебін  оқып  бітірген.1954-1955  жылдары  «Ленин»  атындағы  колхозда  сиыр  фермасында  есепші  болған. 1956 – 1987 жылдар  аралығында  совхозда  түрлі  жұмыстар ( сиыр  бақташысы,  күріш, жоңышқа, жүгері сушысы)  атқарған. Осы  жұмыстарды  атқарып  жүріп,  2  рет  Арықбалық  ауылдық  Советінің  депутаты  болған.

    1977  жылы  Социалистік  жарыс жеңімпазы  медалімен, 1995 жылы « Жеңістің  елу  жылдығы » мерекелік  медалімен  наградталған. 1995 жылы  желтоқсан  айының   8  - жұлдызы  күні  75  жасында  қайтыс  болды.

     

    Сәдірбеков Жәнібек (1907-1997)

    Сәдірбеков Жәнібек 1907 жылы «Арықбалық» ауылында дүниеге келген. «Чапаев», «Жиделі», «Иинтернационал», «Димитров», «Жаңалық» колхоздарында жұмыс істеген. Молотилкамен астық жинаған.

     

     

     

    Изображение

    Қарабураева Қанзада (1922 жылы дүниеге келген)

     Қарабураева  Қанзада  Арықбалық  ауылы  «Жиделі»  колхозының орнында 1922 жылы  туылған. Әкесі  ертеде  2 жасында  қайтыс  болып, сонан  соң есейгенше  анасының тәрбиесінде болды.  Ол  есін  біле  бастағанда  1931-32  жылғы  ашаршылықта  туыстары  Қосжан, Жөлекеш, Смағұл  ағаларына еріп  Қарақалпақстанға  Үргенішке  көшті. Сонан  1932  жылы  елге  оралды, ол кезде  артель  колхоз болып  ұйымдасып  жатыр  еді, олар  колхозға  мүше  болып  кірді. Колхозға  астықтай, малдай  көмек берді. Анасы  колхозда  жұмыс  істеді. Қанзада  осы  ауылдағы  Жиделі  колхозында  ашылған  мектепте  1934  жылдан  бастап  оқыды. Ол  кезде  мектеп  7  жылдық, сол  7  жылдықты бітіру  бойына ол  колхозға  кеңсе  жұмысына  орналасып  кетті  және  1941  жылы соғыс  басталып  кетіп  әрі  қарай оқуға мүмкіндік  болмады. Сол  бағытпен колхоздың  әртүрлі жұмыстарын істеп  жүрді.

    1943 жылы Төлешпен  бас қосты. Мадина  атты  қыз және  Жаңабай   атты  ұл  балалары  болды. 1954  жылы Төлеш  қайтыс  болды. 1954 жылы кітапхана  меңгерушісі болып істеді. 1958  жылдан  1961  жылға  дейін  медпункте  санитарка  болды.1961  жылдан  бастап  клубта  меңгеруші  болып  жүріп,  өз  бетіммен  іс жүзінде   киноаппаратын  үйреніп  Қызылордаға барып  емтихан  тапсырып, сонан  соң  киномеханикке ауысты.Сол жұмысты  16  жыл үздіксіз  атқарып  аудандағы  алғашқы  киномеханик  әйелдердің  бірі  атанған.

     1977 жылы  зейнеткерлікке  шықты. Жеті  рет  жергілікті, бір  рет  аудандық  советке,бір  рет облыстық  кино  жүйесіне  пленум  мүшесі  болды.Аудандық  партия  конференциясына  3 рет  делегат  болды. 1974-75 жылы  социалистік  жарыс  озаты  значогімен, 1973-75 жылы  «Еңбек  озаты»  медалін  екі  рет  алды. Бірнеше  сыйлық  алды. Лениннің  туғанына  100  жылдығына  «Еңбектегі  ерлігі» медалімен  награтталды.  Жеңістің  60  жылдығы  медалімен  награтталды. 

    Бүгінде  сегіз  немере  және  шөбере  көріп  отыр. Немересінің  алды Алматы  қаласындағы  Жәутіков  атындағы республикалық  физика- матиматика  мектебін күміс  медальмен бітіріп,  қазір Ұлыбритания  елінде қызмет  етеді.Әженің тәрбиесін алған екі шөбересі Қызылорда қаласындағы «Қазақ-Түрік лицейінің » шәкірттері атанып, білім алуда.

    Қарабураева  Қанзада бүгінде  шежіреші  әрі  шебер  әже  атанып  отыр. Аудандық  әжелер  сайысында  жүлделі  бірінші  орынды  жеңіп  алған  әже  аудандық  және  облыстық  ақпарат  беттеріне  өзі  кезінде  куә болған  және  ұмытылып бара  жатырған  оқиғалар  туралы  материалдары  жарияланып  жүр. Қанзаданың  ерекше  қасиеті кез-келген  ортада   дастархан  басында  шежіремен  бірге  өзі  оқыған  кітаптарынан  қызықты  оқиғаларды  және  жастарға өнеге  болатын  өсиет  сөздерді  үнемі  айтып  отыратындығымен  бірге  өте  турашыл  да  еңбекқорлығы. Қанзаданың  қолынан  шыққан  түскиізімен  иінбауы  Алматы  қалалық  музейінде  сақтаулы.

     

     Тәмпішева Мәриям (1917-2002)

    1940-1945 жылдары «Арықбалық» ауылына қарасты  «Интернационал»  колхозында тракторшы болып қызмет атқарады. Трактормен жер жырту, етін егу жұмыстарын белсене атқарады.

     

     

     

             Ербасов Байсуйеу (1894-1972)

    1942-1944 жылдары еңбек майданында болған. Соғысқа дейін, соғыстан кейін колхозда мұрап болып еңбек еткен.

     

     

     

     

     2  3  4  5  ⇒

    Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz