Жақсылық Әлібек Әзілханұлының сайты

Пятница, 19.04.2024, 14:25

Меню сайта

Вход на сайт


Поиск

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Архив записей

Наш опрос
4. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстыңыз ба?
Всего ответов: 43

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    «Отан үшін от кешкендер»
     
     
    Жанқожа батыр ауылынан (бұрынғы "Арықбалық") Ұлы Отан соғысына 220-дан астам адам аттанып, оның 170-тен астамы шейіт болады. 50-ден астам жауынгер  елге аман-есен оралып, ел еңсесін көтеруге атсалысады. Бүгінгі таңда Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектептің ЖАУЫНГЕРЛІК ДАҢҚ залында «Отан үшін от кешкендер» атты тақта жасалып, оған соғысқа қатысушылардың суреттері мен даңқты жауынгерлік және еңбек жолдары енгізілген.
     

    1. Меңдібаев Сәтен (1902 -1992)

       1942 жылы Отан қорғауға шақырылып, 113-атқыштар полкінде қызмет етті. Екі рет ауыр жараланып, госпитальде емделген. 1943 жылы күзде қоршауда қалып немістердің тұтқынында болып, одан 1945 жылы сәуір айында қашып шыққан. 1948 жылға дейін Қарағанды қаласындағы қолға түскен неміс солдаттары лагерінде бақылаушы қызметін атқарған. Елге оралған соң колхозшы, балық заводында бригадир қызметтерін жасаған. 

     

     

    2. Қайырбаев  Ыбырай (1904 -1987)

       1941 жылы  соғыстың  алғашқы  күндерінде  алғы  шепке  аттанып,  жеңісті Берлинде қарсы алған. Қатардағы  жауынгер  Қайырбаев  Ыбырай  соғыс  кезінде  аяғынан  жеңіл жарақат алады. Бірақ  жарақаттанса да елге қайтпай, Кенес  әскері үшін сол кездегі тапшы заттардын бірі әскери киімдер тігеді. Жеңістен кейін аман-есен елге оралып, елдегілермен бірдей соғыстан кейінгі қиыншылықтармен күреседі. Колхоздастыру науқанына қатысып, он саусағынан өнері тамған Ыбырай Қайырбаев темірден түйін түйіп, ел қажеті: темір соқа, таға, киіз үй сүйектерін, ер-тұрман т.б заттар жасап, халық қалаулысы болған.

     

    3. Ешмұрзаев Нұржан (1905 -1980)

        Ұлы Отан соғысына 1941 жылы аттанып, елге 1945 жылы оралған. Сұрапыл соғыста Берлинге дейін барған.

     

     

     

     

    4. Ахметов Әбілда  (1908 -1992 )

        1942 жылы ақпан айында  Ұлы Отан соғысына аттанып Воронеж  маңын  қорғауға қатысқан. “І дәрежелі Отан  соғысы” орденімен, “Ерлігі үшін”, “Германияны жеңгені  үшін” медальдарымен марапатталған. 1945 жылы елге  оралғаннан кейін «Жаңалық»   колхозында  егіс бригадирі, колхоз төрағасының орынбасары, 1955 жылдан колхоз бірігіп  «Ленин» атындағы колхозда  зоотехник болып жұмыс істеген.  1968 жылы зейнеткерлікке шыққанша  ферма меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 1938 жылдан  бастап  СОКП мүшесі. Архивтік құжаттардан:

    «138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк бойынша бұйрық №021/Н.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    4-батареяның делбешісі қатардағы жауынгер Ахметов Әбілда, себебі оның қарамағындағы аттар үнемі таза жақсы күйде ұсталады. Аялдау кезінде оның аттары үнемі окопқа жасырылғандықтан  жарықшақтардан сақталады.

     

    138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк командирі, майор Абдуллин.

    Полктың Штаб бастығы, майор Земсков».

     

    Әбілда Асқар, №94 орта мектептің 9 сынып оқушысы.

     

    5. Әбдірахметов Бисенбай (1909 -1987)

        Әскер қатарына 1942 жылы аттанып, елге 1946 жылдың қараша айында оралады. 138 полкте, 207 гвардия атқыштар полкінде миномет оқтаушы болып қызмет етеді. 1939, 1965, 1967, 1969 жылдыры Арықбалық ауылдық Кеңесіне депутат болып сайланады. Соғысқа дейін және одан кейін де колхоз басқармасы төрағасының орынбасары, партком хатшысы болып ұзақ жыл елге қызмет еткен. “І дәрежелі Отан соғысы”орденінің, «Ерлігі үшін», “Жеңістің 30 жылдығы”, “Жеңістің 40 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдығы” медальдарының иегері. Архивтік құжаттардан:

    «138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк бойынша бұйрық №021/Н. 1944 жыл, 7 қараша.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    6-батареяның делбешісі қатардағы жауынгер Әбдірахметов Бисенбай, себебі оның қарамағындағы аттар үнемі таза жақсы күйде ұсталады. Аялдау кезінде оның аттары үнемі окопқа жасырылғандықтан  жарықшақтардан сақталады.

    1909 жылы дүниеге келген, қазақ, 1942 жылдан ВКП (б) мүшесі.

     

    138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк командирі, майор Абдуллин.

    Полктың Штаб бастығы, майор Земсков».

     

    Орындаған: Құрман  Ақсамал, № 94 орта мектептің 6 сынып оқушысы,                               

    Жетекші:    Төлебаева  Аралкүл  Қанатқызы, № 94 орта мектеп  мұғалімі.

     

    ардагер 066. Кеулімжай  Күнбергенов (1910 - 1987 )

    Күнбергенов Кеулімжайдың балалық шағы

     Күнбергенов Кеулімжай 1910 жылы Қазалы ауданындағы  Аранды ауылсоветінде туған. Негізгі кедей диханшының  баласы болған. Оның арғы аталарын атап өтсем Әбілдә,  Олжабай, Күнберген,  Күнбергеннен Кеулімжай, Қаламқас, Бибіхан, Бибайша, Сүйеубай туады. Кеулімжайдан Нағи, Бақыткүл, Айгүл тарайды. Бақыткүлден 4 ұл,      3 қыз, Айгүлден 3 ұл, 2 қыз бар. Кеулімжайдың руы кішкенеден тараған, Асанның Маметегі. Атаның жұбайы Ақшекер апа. Руы Алтынбай. Ақшекер апада ел басына күн туған шақта тылда қызмет атқарды. Дені сау ер азаматтар ұлы отан соғысына аттанған шақта ауылда қалған балалар, әйелдермен бірге барлығы майданға деп егін екті, мал бақты. Тоя тамақ ішпеді тапқан таяңғандарын майдандағы кеңес әскерлеріне жіберді. Сол кездегі әңгімелерін ауыр күрсініп еске алып отыратын марқұм Ақшекер апа.

       Кеулімжай  Күнбергенов  1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Гвардия кіші сержанты. Мәскеу қаласын, Румыния, Венгрия, Чехословикая жерлерін жаудан азат етуге қатысты. Отан алдындағы еңбегі  үшін “Қызыл  жұлдыз”, “І дәрежелі Отан соғысы” ордендерімен, “Будапешті алғаны үшін”, “Венаны алғаны үшін”, “Германияны жеңгені үшін”,  “Жеңістің 20 жылдығы”, “Жеңістің 40 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 60 жылдығы” медальдарымен марапатталған. Елге  оралған  соң ұзақ жыл колхоз басқарып, 1963–1973  жылдары   «Арықбалық» ауылдық  кеңесі атқару  комитетінің  төрағасы қызметтерін атқарған. Архивтік құжаттардан:

    «Марапат қағазынан үзінді:

    Күнбергенов К. жолдас 1945 жылдың 27 қаңтарында Вереб елді мекені үшін шайқаста ержүректік, батылдық танытты. Ол өзінің зеңбірегімен ашық атыс позициясынан тіке көздеу арқылы жаудың бір минометін, бір танкке қарсы зеңбірегін, бір пулеметін және 4 солдатын жойды. Ол 1945 жылдың 30 қаңтарында Агг-Сионтпетердегі Господский сарайы маңындағы ұрыста өз зеңбірегіімен жау танкілері мен жаяу әскерінің қарсы шабуылына екі мәрте тойтарыс берді. Жаудың оншақты солдатының көзін жойды, 1 автомашинасын қиратты, пулемет соққысын тұншықтырып және 1 минометін жойды. Күнбергенов жолдас «Ерлігі үшін» үкіметтік марапатына лайық.

     

    56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасының артиллерия дивизионының командирі,  капитан Черкащенко.

    «Ерлігі үшін» үкіметтік марапатына лайық.

    56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасының артиллерия қолбасшысы, Гвардия подполковнигі Захаров.

    1945 жыл, 5 ақпан.

    ***

    23 Қызыл Ту орденді танк корпусы, 56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасы бойынша бұйрық №02/Н. 1945 жылдың 9 ақпаны.

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттаймын:

    Артиллерия дивизионы 1-батареясының көздеушісі Гвардия кіші сержанты Күнбергенов Кеулімжайды.

     

    56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасының командирі, полковник Штанько.

    Штаб бастығы, майор Яковлев».

     

    Орындаған:   Садуақас Уәли,  № 94 орта мектептің 7 сынып оқушысы,

    Жетекшісі:   Нуфтуллаев  Рустем, № 94 орта мектеп мұғалімі.

     

    7. Жұмағұлов Айсауыт (1913 -1999)

        Ұлы Отан соғысына 1941 жылы аттанып, елге 1945 жылы оралған. Беларусь, Украина майдандарында соғысқан. “Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков” медалімен марапатталған.

     

     

     

    8. Таңатаров Ерғазы (1914 -1991)

        Украина майданында шайқасқан, Сталинградты қорғауға қатысқан. Ұрыста сол қолынан және аяғынан жарақаттанып 8 ай госпитальда емделіп, 1945 жылы елге оралған.

     

     

     

    9. Ешниязов Нағашыбай (1917 - 2004)

         1941 жылы Отан қорғауға аттанған. Оң қолынан жарақат алып, Киев қаласында 6 ай  госпитальда жатқан. “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен, “Жеңістің 40 жылдығы”, “Жеңістің 50 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдығы”, “Кеңес Одағының маршалы Г. К. Жуков”, “1974 жылғы социалистік жарыс жеңімпазы”, “1975 жылғы социалистік жарыс жеңімпазы” медальдарымен марапатталған.

     

     

    10. Дәлиев Әубәкір (1917 - 1977)

       1941 жылы Отан қорғауға аттанған. Елге оралған соң колхозда есепші, кадр бөлімінің бастығы қызметтерін атқарып, соғыстан кейінгі қиыншылықтарды елмен бірге көтеруге белсене араласты. «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», “Германияны жеңгені үшін”, “Жеңістің 20 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 50 жылдығы” медальдарымен марапатталған. Архивтік құжаттардан:

    «Бас Командование Резервіндегі 184 минометтік полк бойынша бұйрық №018/Н.

    1944 жыл, 30 шілде.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    5 батареяның 1 взводының көздеушісі ефрейтор Дәлиев Әбубәкірді, себебі ол 1944 жылдың 24-25 шілдесіндегі шабуыл кезінде екі тәулік дем алмастан миномет жанынан кеткен жоқ. Атыс позициясы орналасқан аймаққа беріліп жатқан дұшпанның күшті артиллериялық және минометтік соққысына қарамастан, бір өзі көздеуші әрі оқтаушы ретінде болып, дәл және уақытылы атыс жүргізді.

    1942 жылдан ВКП (б) мүшесі, 1942 жылғы 10 шілдеден Қызыл Армия қатарында. 1943 жылғы 25 шілдеде «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

     

    Бас Командование Резервіндегі 184 минометтік полкінің командирі, майор Нагорный».

     

    Орындаған: Жидебай Інжу, №94 орта мектептің 7 сынып оқушысы,

    Жетекшісі: Ерішева Жанар, №94 орта мектептің тәлімгері.

     

    11. Алдамұратов Байдулла (1918 -1985 )

        1941 жылы Ұлы Отан Соғысына аттанып, Сталинград майданына қатысқан. 1942 жылы жаралы болып елге оралған. Осы жылдардан бастап, ұстаздық қызметке араласты. “Жеңістің 30 жылдығы”, “Лениннің 100 жылдығы” мерекелік медальдарымен марапатталған. СОКП мүшесі. Зейнеткерлікке шыққанша интернатта тәрбиеші болып жұмыс жасаған.

     

     

     

    12. Байниязов Серікбай (1917 -1994)

        1942 жылдан 1946 жылдың сәуір айына дейін 7-гвардия атқыштар дивизиясының 30-атқыштар полкі құрамында майданға қатысқан. 1943 жылдың наурыз айында сержант әскери атағын алып, бөлімше командирі болып тағайындалған. 1943 жылы 16 мамырда оң аяғынан жарақаттанған. “Қызыл жұлдыз”, “І дәрежелі Отан соғысы” ордендері, “Жеңістің 30 жылдығы”, “Жеңістің 40 жылдығы”, “Лениннің 100 жылдығы” медальдарының иегері. Архивтік құжаттардан:

    «Марапат қағазынан үзінді: «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденіне ұсынылады.

    Шығыс Пруссиядағы қоршаудағы дұшпандар шоғырын жоюдағы полк шабуылында: 19 ақпан 15 наурыз аралығында Шендаморау, Либенау, Киршдарф елді мекендерін басып алу барысында Серікбаев жолдас өзінің батылдығы мен ержүректігін көрсетті. Көлік жетімсіздігі жағдайында атқыштар бөлімінің тікелей ұрыс шебіне жау оғының астында жүріп бірнеше рет оқ-дәрі жеткізді.

    Өзіне тапсырылған аттарды жақсы күйде ұстады, жем-шөп жеткізді, оны тікелей алғы шептегі өзіміздің бөлімдердің ұрыс әрекеті аумағында дайындады.

    Либенау селосы алынған кезде Байниязов жолдас қауіп-қатерге қарамастан (себебі село дұшпандар тарапынан оқ атқылауға душар болған) малдарды жинап полктың тылына көшіруге көмектесті.

     

    30 Хасан атқыштар полкінің командирі, подполковник Шленков.

    1945 жылдың 19 наурызы.

    ***

    102 Қызыл Ту, Суворов орденді Қиыр Шығыстық Новгорд-Северский атқыштар дивизиясының бөлімдеріне бұйрық №187/Н.

    1945 жылдың 27 наурызы.

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттаймын:

    30 Хасан атқыштар полкінің коменданттық взводының делбешісі кіші сержант Байниязов Серікбайды.

     

    102 Қызыл Ту, Суворов орденді Қиыр Шығыстық Новгорд-Северский атқыштар дивизиясының командирі, полковник Погребняк».

     

    Смағұл Ақерке, №94 орта мектептің 10 сынып оқушысы.

     

    13. Мырзалиев Есқали (1918 -1988)

        1938 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, 1945 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қызмет еткен. Соғыстан кейін тракторшы, механик, инженер-механик, гидротехник, совхоз директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып 1980 жылы зейнетке шыққан. “ІІ дәрежелі Отан соғысы” орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», “Жеңістің 40 жылдығы” медальдарымен марапатталған. Архивтік құжаттардан:

    «Марапат қағазынан үзінді:

    1918 жылы туған, ВКП (б) мүшелігіне кандидат, 1938 жылдан Қызыл Армия қатарында, 1941 жылдың 22 маусымынан Отан соғысында. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медаліне ұсынылады.

    Мырзалиев Есқали жолдас 1938 жылдан 5 дербес инженерлік-аэродромдық батальонында НАТИ-5 тракторының тракторшысы  қызметінде әскери қызмет атқарып келеді. Батальонға келгеннен бері өз борышын мінсіз орындайтын, үздік, табанды, қайсар қызылармияшы ретінде көрсетті.

                    Мырзалиев жолдас тракторды үздік біле отырып, трактордың себепсіз бұзылуына ешқандай жол берген жоқ. Тракторға уақытылы жасалған күтімінің нәтижесінде Мырзалиев жолдас бірде-бір орташа жөндеу жүргізбестен 504 машина-сағат жұмыс істеді.

                    1944 жылы 357 кг-нан астам жанармай үнемдеді. Жазда шаңдақ жолдарда, қыста көктайғақ пен үрмелі қарда да оның тракторы қайта орналасу жерлеріне бірінші болып жетушілердің қатарында болды.

                    Мысалы: қайта орналасу кезінде Аксютоводан Вайшнюнге (140 км), Вайшнюннен Ловжуға (160 км), Эзерден Эржвилкиге (160 км) Мырзалиев жолдас ауыр тіркеме тіркелген тракторын толық жарамды күйде батальон командованиесінің белгілеген мерзімінен бірнеше сағат бұрын жеткізді.

                    Мырзалиев жолдас өте тәртіпті. Өз жұмысы үшін Мырзалиев жолдас «Үздік тракторшы» белгісімен марапатталған. 1944 жылы батальон командованиесі 7 рет алғыс жариялады.

                    Жауынгерлік және саяси дайындықтан өте жақсы және жақсы деген бағаларға ие болған. Саяси сауатты және тұрақты.

     

    5 дербес инженерлік-аэродромдық батальонының командирі, майор Белобородов.

    1945 жыл, 22 қаңтар.

    ***

    3 Әуе Армиясының бөлімдеріне бұйрық №0150.

    1945 жыл, 21 наурыз.

     «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    5 дербес инженерлік-аэродромдық батальонының тракторшысы ефрейтор Мырзалиев Есқалиды».

    Бақытжан Әсел, №94 орта мектептің 9 сынып оқушысы.

     

    14. Ембергенов  Иса  Ниязұлы  (1918 -1981 )

        1941 жылы  мамыр айында Отан қорғауға аттанған. Ленинград маңындағы шайқаста қолынан  айырылып елге мүгедек болып оралған. Ленинградта әрі қарай соғысқа кетіп бара жатып, теңіздің үстінде жаудың бомбалауына ұшырап, әрең жағаға шығып, теңіздің жағасында окоп қазып жатқан партизандарға қосылған. Сол жерде оған үстіндегі көйлегін жыртып  қолын таңып, асып беріп госпитальге жіберген. Госпитальге жиналу үстінде  кенеттен  екі фашист кезігіп, оларды ұстап алып  полкке табыс еткен. “Ерлігі үшін”, “Жеңістің 30 жылдығы” медальдарының иегері.

     

     

    15. Тілеубергенов Күлімбет (1920 - 2004)

        1941-43 жыл аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ленинград облысы Техвин ауданында жарақат алып 1943 жылы армия қатарынан елге оралады. “Жеңістің 30 жылдығы”, Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков” медальдарының, Жеңістің 55 жыл-дығына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің құтықтау хатының иегері. Ұзақ жыл аудандық партия, кеңес ұйымдарында қызмет атқарады. №94 мектепте ұстаздық қызмет атқарып зейнетке шыққан.

     

     

    16. Көкенов Жайылхан (1921 -1999 )

        1941-45 жылдары аралығында Ұлы Отан соғысына  қатысқан. Соғыс туралы ешқандай естелік айтпаушы еді, менің көргенімді ешкімнің басына бермесін дейтін. Соғыстан кейін Жанқожа батыр ауылында 45 жыл тракторшы болып еңбек етіп, еңбек демалысына шыққан. “Жеңістің 50 жылдығы” медалінің иегері.

     

     

     

    17. Қылышбаев  Құрманбай (1922 - 1986 )

        1942 жылы  Элистаны азат етуге, 1943 жылы  Курск иініндегі Кеңес әскерлерінің  немістерге  қарсы  атақты  шабуылына  қатысқан. 1944 жылы 323-атқыштар  дивизиясының  саяси  бөлімінде  СОКП  мүшелігіне  қабылданған. Беларусь  майданындағы  пулемет  взводының  командирін  даярлайтын  курсты  бітіріп,  лейтенант  әскери шенін алады.  Выборг атқыштар  дивизиясының  941–атқыштар  полкінде  взвод  командирі бола  жүріп  Померин  асуын  алуға,  3–екпінді  армияның  құрамында  Берлинді  алуға  қатысқан. “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен, «Ерлігі үшін»,  «Берлинді  алғаны үшін», «Жауынгерлік  ерлігі  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін» медальдарының иегері.  Бас  қолбасшы И. В. Сталиннің алғыс хатын алған. Ұзақ жыл №24, 94 мектептерде ұстаздық қызмет атқарған. Архивтік құжаттардан:

    «Батыс майданы 323 атқыштар дивизиясының 1088 атқыштар полкі бойынша бұйрық №014/Н. 1943 жылдың 29 шілдесі.

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    2-атқыштар ротасы қол пулеметінің бірінші номері – Қызылармияшы Қылышбаев Құрманбайды, 24.07.43 ж. Орел облысы Колодязцы селосы үшін шайқаста өз атысымен алға жылжуды қолдай отырып 11 неміс солдатын жойғаны үшін. Ұрыста батыл әрі шешім қабылдағыш, 1922 жылы туған, партияда жоқ, 14.01.42 жылдан Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарына шақырылған.

     

    Полк командирі, подполковник Коровай.

    Штаб бастығы, майор Лапшин.

    1943 жыл, 29 шілде.

    ***

    Брянск майданы 323 атқыштар дивизиясының 1088 атқыштар полкі бойынша бұйрық №018/Н.

    1943 жылдың 14 тамызы.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    2-атқыштар батальоны, 2-атқыштар ротасының атқышы қызылармияшы Қылышбаев Құрманбайды, 1943 жылдың 11-13 тамыз күндері Орел облысы Семеновка деревнясы үшін шайқаста немістің 19 солдаты мен офицерін жойғаны үшін. 1922 жылы туған, партияда жоқ, 1942 жылғы 14 қаңтарда Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарына шақырылған.

     

    Полк командирі, майор Никулин.

    Штаб бастығы, майор Лапшин».

     

    Орындаған: Рината Ерболат, №94 орта мектептің 9 сынып оқушысы,

    Жетекшісі: Құрманәлі Нұрлан, №94 орта мектеп мұғалімі.

     

    18. Боранбаев Кожабай Сәрсенбайұлы (1922 -1984)

        1942 жылы 3 қаңтарында Ұлы Отан соғысына аттанып, Украина және Польша жерлеріндегі болған көптеген шайқастарға қатысқан. Басқа да ерліктерінен бөлек, майданға бірге барған жолдас-тарының бірі - ауылдасы, аяғынын жараланған Тулкібайды өзіне төнген қатерге қарамастан  қоршаудан аман алып шыққан. “Германияны жеңгені үшін”,  «Жеңістің 20 жылдығы», “КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдығы” медальдарымен марапатталған. Зейнетке шыққанша №94 мектепте мұғалімдік қызмет атқарды.

     

     

    19. Төлебаев Іскендір (1924 -1991)

        1942 жылы майданға аттанған. 1943 жылы Псков түбіндегі  шайқаста 45 мм-лік  танкке қарсы зеңбіректе көздеуші болды. Әскери атағы ефрейтор. Бір шайқаста расчетке снаряд  түсіп  ауыр жарақат алды. Соғыстан сол аяғынан айырылып 1944 жылы елге  оралады. “І дәрежелі Отан соғысы” ордені, “Жеңістің 20 жылдығы”, “Жеңістің 30 жылдығы”, “Жеңістің 40 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 50 жылдығы” медальдарының иегері.

     

     

    20. Тұяқбай  Құрманәлі Бағыбергенұлы (1925 - 2003 )

        1943 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, Балтық майданына қатысқан. Немістердің пулемет точкасын басып алған. Тұяқбаев Құрманәлі жарақаты жазылған соң Владивостокта 2-3 ай қираған қаланы қалпына келтіру жұмысына қалып, елге 1945 жылы 25-қазандағы  Жоғары Кеңестің Жарлығымен қарашада елге қайтады. «Қызыл жұлдыз», “ІІ дәрежелі Отан соғысы” ордендерімен, “Лениннің 100 жылдығы”, “Жеңістің 40 жылдығы”, “Жеңістің 55 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдығы”, “Кеңес Одағының Маршалы  Г. К. Жуков” медальдарымен марапатталған. Зейнетке шыққанша шофер болып елге қызмет атқарған.

    Тұяқбаев Құрманәлі өзінің өмірінің соңғы күндерінде артымда қалған ұрпақтарыма естелік болсын деп бейне таспаға және немересіне айтып отырып, жазбаша түрде өзінің өмір жолдарын жазып қалдырған екен. Ол сөз естелігінде: «1943 жылдың 25 қаңтарында армия қатарына шақырылдым.  Ташкенттің қасында  «Азатпаш» деген жерде 17-артиллеристік полкте алты ай оқыдық. Қасымда Өтепбергенов Жұмағали, Төлемісов Керім деген ауыл балалары болды. Алты ай өткен соң батысқа отправка жасады. Москваның  Казан вокзалына түстік, содан Москвадан  Ленинградқа  қарай шығатын тас жолдың үстіне немістер келіп қайтқан жерге апарды.  Содан кейін бізді бөліп тастады. Мені сонда артиллерияның зенит бөліміне  қабылдады.  Бес ай сонда оқыдым. 1943 жылы қарашаның 28-інде Великий Луки қаласы тұсында 2-Прибалтийский фронтқа апарды. Мамандығым зенитчик., 29-қарашада сағат 10-00 шамасында немістің 11 самолеті келді. Зенитчиктерден бізден бұрын келгендер бар екен. Біздің жақтың адамдары  неміс самолетін ата бастады, сонымен біз немістің 2 самолетін атып түсірдік, сөйткенше біздің ЯК-12 маркалы самолеттерден 9-ы келді. Аспанда самолеттер айқасы басталды.  Біз атысты тоқтаттық, біздің истребительдер немістің  «Мистер Шмит -110» маркалы самолеттің үшеуін атып түсірді. Содан жоғарыдағы басшыдан хабар келді, «ертең 30- қараша күні  артиллериядан 1-1,5 сағат артподготовка жасалынсын»,-деген. Таң қараңғыда артиллерия артподготовка жасады. Великий Луки қаласының үсті көкпеңбек көк түтін болды. Қызыл ракеталар атылып белгі берілді, артиллерия атысты тоқтатты. Жаяу әскерлер атакаға шықты, сөйтіп таң ата Великий Луки қаласын жау тырнағынан босаттық. Соққы алған жау « Невель» қаласына қарай жылжыды. Бізге арттан қосымша армия қосылды. Советтің  күшті тегеурініне немістер шыдай алмады, Невельден де шығарылды. Енді немістер Невель өзенінің арғы бетіне бекінді. Екі күннен соң одан да қуып шықтық. Сонан Витебск қаласына немістер мықтап бекінді. Екі жақ үш күн арпалысты, бірақ ілгері жылжымады. Сол Витебскдегі соғыста жарақаттанып, Великий Луки қаласындағы госпитальге түсіп, емделіп, екі айдан соң жазылып, қайта соғысқа қатыстым.  Сонда Төлебаев Мақанғали ағаймен кездестім. Ол менің хабарымды жараланып елге қайтқанда үйге айтып келіпті. Мен екінші рет «Каунас» жеріндегі соғыста жараландым, содан кейін Ленинград госпиталында емделіп, жазылдым. 1944 жылдың 25- ақпанында қайтадан соғысқа қатыстым. Мені  230- атқыштар ротасына қабылдады. Командирі капитан Попов деген кісі болатын.  Бір күні командир бізге жаудың пулемет точкасын жоюды тапсырды, бірақ біз оны ала алмадық. Бізден тоғыз – ақ адам аман қалдық. Қалғандары жарақат алды, қайтыс болды. 3- наурыз күні қалған тоғызымыз түнгі сағат 2-00 де қайта аттандық. Немістер бізді сезіп қалып, оқтарын қарша боратты, біз де граната  лақтырып үлгірдік. Мен сол қолымнан жараландым. Абдуллин кеудесінен жараланып, қайтыс болды. Заяцовқа оқ тиген жоқ. Мені сол жерден медсестра жарамды таңып санчастоға жеткізді. Сөйтіп самолетпен Ленинградқа жеткізді. Сөйтіп, Заяцов пен Абдуллин үшеуіміз жаудың пулемет точкасын жойдық, бірақ қалған алтауының қайда екенін білмедік. Содан кейін үшеумізді де  «Қызыл жұлдызбен» наградтады.

        Ленинградқа барған соң хирург «операция жасау керек, қолыңды кесу керек, сонда тез жазыласың, ауылыңа қайтасың»,- деді. Мен келісім берген жоқпын Қолыма мыс салдырып алып, Новосибирскіге барып 5 ай емделіп, жеңісті сол жерде тойладық »,- деп сөзін аяқтады.    

     

    Орындаған: Нұралы Ринат, 5 сынып оқушысы.

    Жетекшісі: Құрманәлі Бағила, №94 орта мектеп мұғалімі.

     

    21. Табынбаев Айдарбек  Әбдреймұлы (1925 -1992 )

        1942 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Орёл-Курск бағытында 141-дивизия, 16-полктың 4-взводында қатардағы жауынгерден взвод командирінің орынбасарлығына дейін көтеріліп, кейін кіші офицерлерді дайындайтын курста Кеңес Одағының Батыры Александр Мотросовпен бірге оқиды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 1943 жылы күзде жараланып келіп, мектепте мұғалім болып істеген.

     

     

    22. Раимбаев  Көмек (1925 – 2013)

        1943-1950  жылдары әскер қатарында қызмет етіп, 94-атқыштар дивизиясының 9-полкі құрамында Маньчужурияны жаудан азат етуге қатысқан. 1943  жылы  17  жастағы  жас  солдат  әскер  қатарына  алынады,  Чита  қаласының  Қытаймен  шектесетін  бетінде  74-разъезде  олардың  әртүрлі  бөлімге  бөлген. Артеллерист,  атқыштар  және  жаяу  әскерлер  Раимбаев  Көмек,  Сәрсенбаев  Ұзақ  және  Жолмаханов  Жұмабай  жаяу  әскер  бөліміне  жіберілді.

        Жаяу  әскер  бөліміндегі  солдаттарды  Маньчужуриядағы  Атбор  деген  станцияға  әкеп  түсірген. Атбор  станциясынан  7  шақырым  жердегі  Пад  Полон  Талагой  Кундай  деген  жерде  94  атқыштар  дивизиясы,  9-полк, 3-батальон, 2-рота, 3-взводта  жаяу  әскер  қызметін  атқарған. Ол  жер ағаш,  тал,  шөп  өспейтін  ойлы-қырлы  жер  болатын.

       1945  жылы  сәскеде  9-полк  командирі  подполковник  Огурцов, Забайкальский  фронт  командир  маршалл  Малиновский  94-атқыштар  дивизиясы  командир  генерал – майор  Заманхаевтың  қарамағында  Жапондарға  қарсы  соғысатынымызды  жариялайды. Командир  батальоны  майор  Лапатен,  командир  рота  капитан  Мельников,  взвод  командтр  лейтенанты  Фадеев  командир  отделенние  сержанты  Горбунов  Алексий  еді.

       Соғыстан  кейін  1945 – 1946  жылдары  Чита  қаласының  Даптсон  разъезінен  8  шақырым  жерде  жаяу  әскерлер  орналасты.  Елге  қайтуға  болатын  еді,  бірақ   оқуға  талапкер  болса  деген  командирдің  сұранысы  бойынша  Сәрсенбаев  Ұзақ  және  Раимбаев  Көмек  сол  сияқты  20 – 30  солдат  қол  көтерген. Көмек  ата  Чита  қаласының  қасында  ұшқыштар  класында  оқыған. 1947  жылы  оны  бітіріп,  1948  жылы  Отар  разъезіндегі  Степной  селосында  курсант  оқыту  бөлімінде  қызмет  атқарған.

    “ІІ дәрежелі Отан соғысы” орденінің, “Украинаны азат еткені үшін”, “Жапонияны жеңгені үшін”, “Жеңістің 25 жылдығы”, “Жеңістің 30 жылдығы”, “Жеңістің 40 жылдығы”, “Жеңістің 50 жылдығы”, “Жеңістің 55 жылдығы”, “Кеңес Армиясы мен Флотының 30 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 60 жылдығы”, “КСРО Қарулы Күштерінің 70 жылдығы”, “Кеңес Одағының Маршалы Г. К. Жуков”, “Астананың 10 жылдығы” медальдарының және И. В. Сталиннің алғыс хатының иегері. “Кіші  жүз  Алшын  Әлім  Ұланақтан  бесіктегі ұлға  шейін  шежіре, тарих”  атты  шежіре  кітабының (2000 ж.) авторы. “Қожаназар ишан” мешіті үгіт-насихат тобының мүшесі.

    Орындаған: Байтуған Жаңагүл, № 94 орта мектебінің 7 а сынып оқушысы,

    Жетекшісі: Асан Бақыт, № 94 орта мектебінің мұғалімі.

     

    23. Ибрагимов Нұрғали (1926 -1984)  

        1944 жылдың қараша айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылады. 1945 жылдың 23 ақпанында 73-гвардия атқыштар дивизиясының 209-атқыштар полкі құрамында әскери ант қабылдаған бойда Млава-Эльба, Кенигсберг операциясына қатысқан, Беларусь майданында соғысқан. 1947-1950 жылдары соғыс алаңын минадан тазартушы-сапер қызметін атқарған соң елге оралған. 1948 жылы “Кеңес Армиясы мен Флотының 30 жылдығы” медалімен марапатталған.

     

     

    1  2  3  4  5  

     

    Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz