Жақында аудандық білім бөлімі мен оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарына белсене араласып жүрген аудандық «Отан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Мерген ару-2012» атты пневматикалық мылтық атудан аудандық сайыс өткізілді. Бұл сайысқа тек қана нәзік жанды арулардан тұратын, әр мектептен 3 мұғалімнен және 4 оқушыдан құралған 2 командадан қатысты. Тартысты өткен сайысты аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Тлеуімбетов қорытындылады. Нәтижесінде оқушылар арасында 1-орынды 164 ұпай жинаған №94 мектеп, 2, 3-ші орындарды 150, 149 ұпай жинаған №165 және №170 мектеп командалары иеленді. Мұғалімдер арасында 1-орынды 117 ұпаймен №94 мектеп, 2, 3-ші орынды 113, 109 ұпаймен №165 және №103 мектеп командалары иеленеді. Жекелей есепте оқушылар арасында «Мерген ару – 2012» атағын 43 ұпаймен №94 мектеп оқушысы Өтенәлиева Жаңагүл, 42 ұпаймен №94 мектеп оқушысы Мейрамбек Назерке, 41 ұпаймен №170 мектеп оқушысы Асқарова Назгүл және 41 ұпаймен №94 мектеп оқушысы Сатай Индира иеленді. Мұғалімдер арасында «Мерген ару – 2012» атағын 44 ұпаймен №165 мектеп мұғалімі Ешмұратова Эльмира, 43 ұпаймен 103 мектеп мұғалімі Құлтанбаева Күншара және 42 ұпаймен №88 мектеп мұғалімі Жетеулиева Жұлдызай иеленді. Жоғарыда аталған мектептердің бапкерлері Балымбетов Орысбай, Құрымбаев Алтынбек, Жалдыбаев Алмас және Жақсылық Әлібектің мерейлері үстем болды.
№216 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Кәдірбаев Сайлау 07.03.2012.
|