Жақсылық Әлібек Әзілханұлының сайты

Пятница, 29.03.2024, 11:54

Меню сайта

Вход на сайт


Поиск

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Архив записей

Наш опрос
4. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстыңыз ба?
Всего ответов: 43

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Архивтік құжаттар  (КСРО Қорғаныс министрлігінің орталық архивінен алынған құжаттар)                

     

    Ізбасаров Қанат

    Бас Командование Резервіндегі 39-зениттік артиллериялық ІІ-дәрежелі Кутузов орденді дивизиясының 1406 зениттік-артиллериялық полкі бойынша бұйрық №06/Н. 1945 жыл, 10 мамыр.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    Пулеметші сержант Ізбасаров Қанатты, себебі ол дұшпандар қарсы шабуылға шыққан 1945 жылғы наурыздың 24-нен 25-не қараған түні үдемелі артиллериялық-минометтік соққыға қарамастан тапсырма бойынша өз пулеметімен алға жылжи отырып, шабуылдаушы дұшпанға дәлме-дәл қуатты соққы берді. Бұл ұрыста ол жаудың жаяу әскерін бөлімнен бөлімшеге дейін бытыратып, жойды. Өз соққысымен жаудың қарсы шабуылына тойтарыс беруге үлес қосты.

    1922 жылы туған, партияда жоқ. 1942 жылдың қаңтарынан Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарында.

     

    1406 зениттік-артиллериялық полк командирі, подполковник Верещагин.

    Штаб бастығы, майор Низовцев.

    ***

    Жадырасынов Сәдірейім

    369 Карачев атқыштар дивизиясының 1223 атқыщтар полкы бойынша бұйрық №059/Н.

    1944 жылдың 5 мамыры.

     «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    Атқыш қызылармияшы Жадырасынов Сәдірейімді өзін ұрыста ержүрек жауынгер ретінде көрсеткені ұшін.1944 жылғы 25 қыркүйектегі ұрыста гранатамен неміс траншеясындағы 2 неміс солдатының көзін жойды. 1902 жылы туған, партияда жоқ, 1941 жылғы 10 шілдеден Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарында.

    ***

    Марапат қағазынан:

    Неміс басқыншыларымен күресте Жадырасынов жолдас ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. 1944 жылғы 22 маусымда Проня өзенінде жараланады, бірақ ұрыс алаңын тастап кетпей Проня өзенін кесіп өтуде жауынгерлер қатарында қала берді. Өз жолдастарымен өзенді бірінші болып кесіп өтіп,  дұшпанның траншеясына баса-көктеп кіріп келіп, автоматпен немістің 2 солдатын жояды. 1944 жылғы 24 маусымда Радучи деревнясы үшін шайқаста жараланады, бірақ бірнеше күннен кейін өз бөліміне қайта оралады. Ососвец қаласы мен қамалына шабуыл барысында қатардан шыққан қол пулеметі көздеушісінің орнын алмастырып 4 неміс солдатының көзін жойды және жаудың қол пулеметінің үнін өшірді. Неміс басқыншыларымен шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін «ІІІ дәрежелі Даңқ» ордені үкіметтік марапатына лайық.

     

    1223 атқыштар полкінің командирі, подполковник Солдатов.

    1944 жыл, 17 қыркүйек.

    ***

    2-Белорусь майданы 50 армиясы 369 Қызыл Ту орденді Карачев атқыштар дивизиясының бөлімдеріне бұйрық №0111/Н.

    1944 жылғы 23 қыркүйек.

    «ІІІ-дәрежелі Даңқ» орденімен марапаттаймын:

    1223 атқыштар полкінің атқышы қызылармияшы Жадырасынов Сәдірейімді.

     

    369 Қызыл Ту орденді Карачев атқыштар дивизиясының командирі, полковник Федотов.

    ***

    Байниязов Серікбай

    Марапат қағазынан үзінді:

    «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденіне ұсынылады.

    Шығыс Пруссиядағы қоршаудағы дұшпандар шоғырын жоюдағы полк шабуылында: 19 ақпан 15 наурыз аралығында Шендаморау, Либенау, Киршдарф елді мекендерін басып алу барысында Серікбаев жолдас өзінің батылдығы мен ержүректігін көрсетті. Көлік жетімсіздігі жағдайында атқыштар бөлімінің тікелей ұрыс шебіне жау оғының астында жүріп бірнеше рет оқ-дәрі жеткізді.

    Өзіне тапсырылған аттарды жақсы күйде ұстады, жем-шөп жеткізді, оны тікелей алғы шептегі өзіміздің бөлімдердің ұрыс әрекеті аумағында дайындады.

    Либенау селосы алынған кезде Байниязов жолдас қауіп-қатерге қарамастан, себебі село дұшпандар тарапынан оқ атқылауға душар болған, малдарды жинап полктың тылына көшіруге көмектесті.

     

    30 Хасан атқыштар полкінің командирі, подполковник Шленков.

    1945 жылдың 19 наурызы.

    ***

    102 Қызыл Ту, Суворов орденді Қиыр Шығыстық Новгорд-Северский атқыштар дивизиясының бөлімдеріне бұйрық №187/Н.

    1945 жылдың 27 наурызы.

     

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттаймын:

    30 Хасан атқыштар полкінің коменданттық взводының делбешісі кіші сержант Байниязов Серікбайды.

     

    102 Қызыл Ту, Суворов орденді Қиыр Шығыстық Новгорд-Северский атқыштар дивизиясының командирі, полковник Погребняк.

    ***

    Ескенебаев Аралбай

    Оңтүстік майданы 300 атқыштар дивизиясының 1049 атқыштар полкіне бұйрық №08/Н.

    1943 жылдың 14 наурызы.

     

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    Батареяның 76 мм зеңбірегінің көздеушісі қызылармияшы Ескенебаев Аралбайды.

                1943 жылдың 18 ақпанында Новая Надежда хуторы үшін ұрыста қызылармияшы Ескенебаев есептоп құрамында іс-қимыл жасай отырып, күші басым жаудың қарсы шабуылына тойтарыс берді. Ол есептоптың бүкіл құрамы қатардан шығып қалғанына қарамастан, оқ-дәрісі таусылғанша атыс жүргізе берді. Жаудың қарша бораған оғынан барлық аттар қырылып қалды. Ескенебаев зеңбірек командирімен бірге зеңбіректі қауіпсіз жерге сүйреп жеткізді. Жаудың пулеметтен және минометтен жауған оғы астында Ескенебаев жолдас жаралы төрт жауынгер мен олардың қару-жарақтарын ұрыс алаңынан алып шықты.

     

    1049 атқыштар полкінінің командирі, подполковник Репня.

    ***

    3 Қызыл Ту орденді гвардиялық Волноваха атқыштар дивизиясының 5 гвардиялық атқыштар полкіне бұйрық №014/Н.

    1944 жылдың 4 маусымы.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    76 мм зеңбірегінің көздеушісі қатардағы гвардия жауынгері Ескенебаев Аралбайды 1944 жылдың 8 сәуірінде Армянск қаласы маңында дұшпанның күшті соққысына қарамастан, өзінің дәл көздеуімен есептоптың жаудың екі пулеметін атқылап олардың бақылау пункітін қиратуға мүмкіндік туғызғаны үшін.

                1944 жылдың 9 сәуірінде ұрыста жараланған. 1943 жылдың 11 тамызынан Отан соғысында. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарында.

     

    5 гвардиялық атқыштар полкінінің командирі, подполковник Гудков.

    ***

    Марапаттау қағазынан:

    Ескенебаев Аралбай, гвардия кіші сержанты, 1903 жылы туған, ВКП (б) кандидаты №7804510. 1942 жылы қазанда Сталинград майданына, 1943 жылы ақпанда Дон майданына, 1943 жылдың қаңтарынан 1944 жылдың қаңтарына дейін Оңтүістік майданына, 1944 жылдың қаңтарынан сәуірге дейін 4-Украина майданына, 1944 жылдың тамызынан 1-Прибалтика майданына қатысқан. 1944 жылдың 9 сәуірінде жеңіл жараланған, 1945 жылдың 30 қаңтарында ауыр жараланған.

    Гвардия кіші сержанты Ескенебаев Аралбай 87 гвардия атқыштар дивизиясының 261 атқыштар полкінде полктік артиллерияның оқтаушысы ретінде қатыса отырып, оның есептобы Сталинград түбінде 2 бақылау пункітін жойды. 4-Украина майданында 3 гвардия атқыштар дивизиясының 5 атқыштар полкінде оның есептобы жабық позициядан атқылап, 2 пулемет точкасының үнін өшірді. 1944 жылғы 9 сәуірде Қырымдағы шабуылда оның есептобы самоход зеңбірегін қиратты және Армянск қаласы маңында жараланды. Сөзі бойынша жазып алынды.

    Негіз: №24540 госпиталының 1945 жылдың 5 наурызындағы жаралануы туралы анықтама.

    Қорытынды: «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі үкіметтік марапатына лайық.

     

    Артдивизион командирі, капитан Милантьев.

    1945 жылдың 15 мамыры.

    ***

    І Прибалтика майданы бронетанк және механикаландырылған әскерге бұйрық №043/Н.

    1945 жылдың 26 маусымы.

     

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    5 дербес оқу танк полкінің курсанты гвардия кіші сержанты Ескенебаев Аралбайды.

    ***

    Әбдірахметов Бисенбай

    138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк бойынша бұйрық №021/Н. 1944 жыл, 7 қараша.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    6-батареяның делбешісі қатардағы жауынгер Әбдірахметов Бисенбай, себебі оның қарамағындағы аттар үнемі таза жақсы күйде ұсталады. Аялдау кезінде оның аттары үнемі окопқа жасырылғандықтан  жарықшақтардан сақталады.

    1909 жылы дүниеге келген, қазақ, 1942 жылдан ВКП (б) мүшесі.

     

    138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк командирі, майор Абдуллин.

    Полктың Штаб бастығы, майор Земсков.

    ***

    Ахметов Әбілда

    138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк бойынша бұйрық №021/Н.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    4-батареяның делбешісі қатардағы жауынгер Ахметов Әбілда, себебі оның қарамағындағы аттар үнемі таза жақсы күйде ұсталады. Аялдау кезінде оның аттары үнемі окопқа жасырылғандықтан  жарықшақтардан сақталады.

    1909 жылы дүниеге келген, қазақ, партияда жоқ.

     

    138 Қызыл Ту орденді Шумский армиялық минометтік полк командирі, майор Абдуллин.

    Полктың Штаб бастығы, майор Земсков.

    ***

    Қабақбаев Романқұл

    Брянск майданы Бас Командование Резервіндегі 16-зениттік дивизиясының бөлімдеріне бұйрық №01/Н. 1943 жылдың 23 ақпаны.

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапттаймын:

    1283 зениттік-артиллериялық полкі 3-батареясының 37 мм зеңбірегінің бағыт орнатушысы қызылармияшы Қабақбаев Романқұлды.

    Бас Командование Резервіндегі 16-зениттік дивизиясының командирі полковник Середин.

    16-зениттік дивизиясының Штаб бастығы подполковник Бурневский.

    Марапат қағазынан үзінді:

    Қызылармияшы Қабақбаев Романқұл 3-батареяның 2-зеңбірек есептобының бағыт орнатушысы болып жұмыс жасайды. Бағыт орнату дәлдігінің нәтижесінде Қабақбаев жолдастың есептобы 22 маусымда жаудың МЕ-109 ұшағын көлденең ұшу барысында атып түсірді. Ұшақ Мценск ауданы Берещино деревнясы маңына құлады. 1942 жылдың 15 шілдесінде Қабақбаев жолдас жаудың Ю-88 ұшағын Чернь станциясын бомбалау және шүйлігу  кезінде атып түсірді. Ұшақ Медведка деревнясы маңына  құлады. Соның арқасында Чернь станциясында тұрған эшелонға жау ұшағының зиян келтіруіне мүмкіндік бермеді. 1943 жылғы 30 қаңтарда Қабақбаев жолдастың дәл бағыт орнатуы нәтижесінде ұрыс орнына келе жатқан  біздің әскердің колоннасына шүйліге отырып бомбалау кезінде топ құрамындағы Ю-87 неміс ұшағы жойылды. Ұшақ Должанск ауданы Михайловка деревнясы маңына құлады. Қалған ұшақтар жылдамдығын арттыра отырып биікке көтерілді де кейін қайтты. Осылайша зеңбірек есептобы немістің бомбалағыш ұшақтар тобының шабуылына тойтарыс берді. Қабақбаев жолдас «Қызыл жұлдыз» үкіметтік марапатына лайық.

     

     1283 зениттік-артиллериялық полкінің командирі, подполковник Корчаган.

    1943 жылдың 8 ақпаны.

    ***

    Күнбергенов Кеуілімжай

    Марапат қағазынан:

    Күнбергенов К. жолдас 1945 жылдың 27 қаңтарында Вереб елді мекені үшін шайқаста ержүректік, батылдық танытты. Ол өзінің зеңбірегімен ашық атыс позициясынан тіке көздеу арқылы жаудың бір минометін, бір танкке қарсы зеңбірегін, бір пулеметін және 4 солдатын жойды. Ол 1945 жылдың 30 қаңтарында Агг-Сионтпетердегі Господский сарайы маңындағы ұрыста өз зеңбірегіімен жау танкілері мен жаяу әскерінің қарсы шабуылына екі мәрте тойтарыс берді. Жаудың оншақты солдатының көзін жойды, 1 автомашинасын қиратты, пулемет соққысын тұншықтырып және 1 минометін жойды. Күнбергенов жолдас «Ерлігі үшін» үкіметтік марапатына лайық.

    56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасының артиллерия дивизионының командирі капитан Черкащенко.

    «Ерлігі үшін» үкіметтік марапатына лайық.

    56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасының артиллерия қолбасшысы, гвардия подполковнигі Захаров.

    1945 жыл, 5 ақпан.

    ***

    23 Қызыл Ту орденді танк корпусы, 56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасы бойынша бұйрық №02/Н. 1945 жылдың 9 ақпаны.

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттаймын:

    Артиллерия дивизионы 1-батареясының көздеушісі гвардия кіші сержанты Күнбергенов Кеулімжайды.

     

    56 Қызыл Ту орденді Яссы мотоатқыштар бригадасының командирі, полковник Штанько.

    Штаб бастығы майор Яковлев.

    ***

    Қылышбаев Құрманбай

    Батыс майданы 323 атқыштар дивизиясының 1088 атқыштар полкі бойынша бұйрық №014/Н. 1943 жылдың 29 шілдесі.

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    2-атқыштар ротасы қол пулеметінің бірінші номері – Қызылармияшы Қылышбаев Құрманбайды, 24.07.43 ж. Орел облысы Колодязцы селосы үшін шайқаста өз атысымен алға жылжуды қолдай отырып 11 неміс солдатын жойғаны үшін. Ұрыста батыл әрі шешім қабылдағыш, 1922 жылы туған, партияда жоқ, 14.01.42 жылдан Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарына шақырылған.

     

    Полк командирі, подполковник Коровай.

    Штаб бастығы, майор Лапшин.

    1943 жыл, 29 шілде.

    ***

    Брянск майданы 323 атқыштар дивизиясының 1088 атқыштар полкі бойынша бұйрық №018/Н.

    1943 жылдың 14 тамызы.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    2-атқыштар батальоны, 2-атқыштар ротасының атқышы қызылармияшы Қылышбаев Құрманбайды, 1943 жылдың 11-13 тамыз күндері Орел облысы Семеновка деревнясы үшін шайқаста немістің 19 солдаты мен офицерін жойғаны үшін. 1922 жылы туған, партияда жоқ, 1942 жылғы 14 қаңтарда Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарына шақырылған.

     

    Полк командирі, майор Никулин

    Штаб бастығы, майор Лапшин.

    ***

    Ашықбаев Құлахмет

    Марапат қағазынан:

    1943 жылдан Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарында. 1944 жылдан ВКП (б)-ға кандидат.

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медаліне ұсынылады. Себебі ол, Жапон империалистеріне қарсы шайқаста ұрыс алаңын бақылады, олардың взводтармен үзіліссіз байланысын қамтамасыз етті, рота командиріне ұрыста ротаны басқаруға көмектесті. Жапон империалистерін тездетіп талқандауда рота жеке құрамына жеке үлгі көрсетті. Жеке өзі жапон офицерінің көзін жойды.

     

    207 дербес арт-пулеметтік батальонының командирі, аға лейтенант Титков.

    1945 жыл, 18 қыркүйек.

    ***

    Забайкалье майданы 36 Армиясының І дербес пулеметтік-артиллериялық бригадасы бойынша бұйрық №023/Н.

    1945 жыл, 28 қыркүйек.

     

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    Рота бақылаушысы ефрейтор Ашықбаев Құлахмет Жұбанаевичті.

     

    І дербес пулеметтік-артиллериялық бригадасының командирі полковник Павлов-Разин.

    І дербес пулеметтік-артиллериялық бригадасының Штаб бастығы подполковник Ильин.

    ***

    Жүсіпов Балымбет

    Марапат қағазынан:

    1897 жылы туған. 1941 жылғы 29 қазаннан Қызыл Армия қатарында. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медаліне ұсынылады.

    Қатардағы жауынгер Жүсіпов, ұлты қазақ, өзіне жүктелген тапсырманы орындау барысында өзін тәртіпті және ұқыпты жауынгер ретінде көрсете білді. Көктемгі лайсаң күндері Липец-Ушицы жолында және әсіресе Невель операциясы кезінде Жүсіпов жолдас тапсырманы 150-170%-ға орындады. Ешқандай есептеспестен, жүктердің майданға шұғыл жетуіне өзінің жеке үлгісімен ротаның жеке құрамына әсер ете білді. Бүгінде Жүсіпов жолдасқа бекітілген жол учаскесі өте жақсы күйде. Оның учаскесінде ешқандай апат, жол ережесінің бұзылуы болған жоқ.

                Жанқиярлық еңбегіне байланысты «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі үкіметтік марапатына лайық.

     

    131 дербес жол-құрылыс батальонының командирі, майор Кроликов.

    Штаб бастығы, инженер-капитан Дворников.

    1944 жыл, 22 қаңтар.

    ***

    Бұйрық

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    131 жол-құрылыс батальонының жол жөндушісі қатардағы жауынгер Жүсіпов Балымбетті.

    ***

    Мырзалиев Есқали

    Марапат қағазынан:

    1918 жылы туған, ВКП (б) мүшелігіне кандидат, 1938 жылдан Қызыл Армия қатарында, 1941 жылдың 22 маусымынан Отан соғысында. «Жауынгерлік еңбегі үшін» медаліне ұсынылады.

                Мырзалиев Есқали жолдас 1938 жылдан 5 дербес инженерлік-аэродромдық батальонында НАТИ-5 тракторының тракторшысы  қызметінде әскери қызмет атқарып келеді. Батальонға келгеннен бері өз борышын мінсіз орындайтын, үздік, табанды, қайсар қызылармияшы ретінде көрсетті.

                Мырзалиев жолдас тракторды үздік біле отырып, трактордың себепсіз бұзылуына ешқандай жол берген жоқ. Тракторға уақытылы жасалған күтімінің нәтижесінде Мырзалиев жолдас бірде-бір орташа жөндеу жүргізбестен 504 машина-сағат жұмыс істеді.

                1944 жылы 357 кг-нан астам жанар май үнемдеді. Жазда шаңдақ жолдарда, қыста көктайғақ пен үрмелі қарда да оның тракторы қайта орналасу жерлеріне бірінші болып жетушілердің қатарында болды.

                Мысалы: қайта орналасу кезінде Аксютоводан Вайшнюнге (140 км), Вайшнюннен Ловжуға (160 км), Эзерден Эржвилкиге (160 км) Мырзалиев жолдас ауыр тіркеме тіркелген тракторын толық жарамды күйде батальон командованиесінің белгілеген мерзімінен бірнеше сағат бұрын жеткізіді.

                Мырзалиев жолдас өте тәртіпті. Өз жұмысы үшін Мырзалиев жолдас «Үздік тракторшы» белгісімен марапатталған. 1944 жылы батальон командованиесі 7 рет алғыс жариялады.

                Жауынгерлік және саяси дайындықтан өте жақсы және жақсы деген бағаларға ие болған. Саяси сауатты және тұрақты.

     

    5 дербес инженерлік-аэродромдық батальонының командирі, майор Белобородов.

    1945 жыл, 22 қаңтар.

    ***

    3 Әуе Армиясының бөлімдеріне бұйрық №0150.

    1945 жыл, 21 наурыз.

     «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    5 дербес инженерлік-аэродромдық батальонының тракторшысы ефрейтор Мырзалиев Есқалиды.

    ***

    Сарбалаев Нұрғали

    Марапат қағазынан:

    1913 жылы туған, 1942 жылдан Отан соғысында.

                Қатардағы жауынгер Сарбалаев Нұрғали Отан соғысы барысында өзін батыл, ержүрек, төзімді жауынгер ретінде көрсетті. Жұмыста үлгі көрсетеді және өз үлгісімен жолдастарын ізіне ерте білді. Жазғы шабуыл операциясынан бастап Сарбалаев жолдас телефонист болып жұмыс істеді. Қандай да жағдайларға қарамастан ол батареяның атыс позициясы мен бақылау пунктінің байланысының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті, соның арқасында батарея берілген тапсырманы уақытылы орындауға мүмкіндік алды. Ол бірнеше рет дұшпанның артиллериялық соққысы астында жүріп істен шыққан байланысты жөндеді. 1944 жылғы 5 қарашадан бастап Сарбалаев жолдас қару номері болып жұмыс істеді. Жұмыста жолдастарына үлгі болды. Лапиле маңындағы жаудың қорғанысын бұзу кезінде есептоптың бірлескен қимылы және атудың қарқындылығы арқасында батарея дұшпанның атыс нүктесінің үнін өшіруге байланысты тапсырманы орындап шықты, және мұнда Сарбалаев жолдастың сіңірген еңбегі зор.

    «Ерлігі үшін» медалі үкіметтік марапатына лайық.

     

    Бригада командирі, полковник Чвыков.

    4 қараша 1944 ж.

    ***

    4 Қызыл Ту орденді дербес Армиялық Рославль ауыр зеңбірек артбригадасына бұйрық 023/Н.

    1944 жыл, 5 қараша.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    8 батареяның қару номері, қатардағы жауынгер Сарбалаев Нұрғалиді.

    ***

    Төлегенов Иса

    1 Қиыр Шығыс майданы 25 армиясы 386 атқыштар дивизиясы 411 атқыштар полкі бойынша бұйрық №02/Н.

    1945 жыл, 19 қыркүйек.

     

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    Бөлімше командирінің орынбасары кіші сержант Төлегенов Исаны. Жапон бөлімшесі шабуылына тойтарыс берді. 1913 жылы туған, 1941 жылдан Жұмысшы-шаруалар Қызыл Армиясы қатарында.

    ***

    Дәлиев Әбубәкір

    Бас Командование Резервіндегі 184 минометтік полк бойынша бұйрық №018/Н.

    1944 жыл, 30 шілде.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

                5 батареяның 1 взводының көздеушісі ефрейтор Дәлиев Әбубәкірді, себебі ол 1944 жылдың 24-25 шілдесіндегі шабуыл кезінде екі тәулік дем алмастан миномет жанынан кеткен жоқ. Атыс позициясы орналасқан аймаққа беріліп жатқан дұшпанның күшті артиллериялық және минометтік соққысына қарамастан, бір өзі көздеуші әрі оқтаушы ретінде болып, дәл және уақытылы атыс жүргізді.

                1913 жылы туған, 1942 жылдан ВКП (б) мүшесі, 1942 жылғы 10 шілдеден Қызыл Армия қатарында. 1943 жылғы 25 шілдеде «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

     

    Бас Командование Резервіндегі 184 минометтік полкінің командирі, майор Нагорный.

    ***

    Тоқтабаев Сағындық

    1296 Самоходты Артиллериялық Калинкович полкі бойынша бұйрық №01/Н.

    1945 жыл, 21 ақпан.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

                Автоматшылар ротасының автоматшысы кіші сержант Тоқтабаев Сағындықты полктың шабуыл операциясы барысында, сондай-ақ жаудың қарсы шабуылына тойтарыс беру кезінде және елді мекенге шабуыл барысында ержүректік, батылдық көрсеткені үшін. 1945 жылғы ақпанның 14-21 аралығында болған ұрыста жеке қаруымен 8 гитлершілді өлтірді.

     

    1296 Самоходты Артиллериялық Калинкович полкінің командирі, гвардия майоры Чернышев.

    ***

    Шабарбаев Қабыл

    Марапаттау қағазынан:

    Шабарбаев Қабыл, 138 Армиялық минометтік полктың 3 батареясының делбешісі, «Қызыл жұлдыз» ордені үкіметтік марапатына ұсынылады. 1906 жылы туған, 1941 жылдан ВКП (б) мүшесі, 1942 жылдың 27 тамызынан Отан соғысында, 1943 жылғы 6 желтоқсанда жараланған, 1942 жылғы 24 маусымнан Қызыл Армия қатарында.

                Шабарбаев жолдас біздің бөлімнің Черняково маңында қоршауда қалған кезінде делбеші болып қызмет атқарды. Қоршаудан шығуға бұйрық алған ол мылтықпен атыс жүргізе отырып, жау қоршауынан шығып үлгереді. Бұл кезде Шабарбаев жолдас 4 фашисті өлтіріп, басы мен қолынан ауыр жараланады, сонда да аттарды басқара отырып, 2 ат, арба және жеке қаруын қоршаудан аман алып шығады. Шабарбаев жолдасты үкіметтік марапатқа ұсынуды сұраймын.

     

    138 Армиялық минометтік полк командирі, Кеңес Одағының батыры, подполковник Поздняков.

    Полктың Штаб бастығы, майор Кичигин.

    1944 жыл, 9 қаңтар.

    ***

    60 Армияның Артиллерия қолбасшысының бұйрығы №014/Н.

    1944 жыл, 24 қаңтар.

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    138 Армиялық минометтік полктың делбешісі қатардағы жауынгер Шабарбаев Қабылды.

     

    60 Армияның Артиллерия қолбасшысы, гвардия генерел-майоры Фролов.

    60 Армияның Артиллерия Штабының бастығы, подполковник Зубарев.

    60 Армияның Артиллерия командованиесі басқармасының кадр бөлімшесінің бастығы, майор Николенко.

    ***

    Ленинград майданы 358 атқыштар дивизиясы 1187 атқыштар полкіне бұйрық №0078.

    1944 жыл, 14 маусым.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    3 атқыштар батальонының атқышы қызылармияшы Шабарбаев Қабылды, себебі ол 1944 жылғы 10 маусымда Карель түбегіндегі финдер қорғанысын бұзу шайқасында, жаудың бораған оғы астында санитар қызметін атқарды. Бұл шайқаста Шабарбаев жолдас жараланған 16 жауынгер мен офицерді қару-жарағымен қоса ұрыс алаңынан алып шықты.

     

    Полк командирі, подполковник Дорохов.

    1944 жыл, 22 маусым.

    ***

    Жауғашаров Түлкібай

    Марапаттау қағазынан:

    Жауғашаров Түлкібай, 1922 жылы туған, «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» орденіне ұсынылады. 1941 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1944 жылғы 20 тамызда дұшпанның Леонтин деревниясы маңындағы ұзақ мерзімді терең эшелондап орналасқан қорғанысын бұзып өту кезінде, елді мекенге негізгі соққы берушы взвод жау дзотынан атқылаған қуатты пулемет соққысына тап болады. Станокты пулеметтің пулеметші-көздеушісі Жауғашаров жолдасқа атыстың бетін қайтарып, дзотты оқшаулауға мүмкіндік беру міндеттеледі. Жауғашаров жолдас өз пулетімен алға жылжи отырып, жаудың миналанған аумағынан өтіп, қапталдан жойқын соққы берді. Немістер үнсіз қалды. Бұл екпінді топтың дзотқа жетіп, онда отырған пулеметшілердің көзін жоюға мүмкіндік берді. Бұл ұрыста Жауғашаров жараланады, бірақ взвод командирінің бұйрығына дейін өз міндетін орындауды тоқтатқан жоқ. Көрсеткен батылдығы, табандылығы, ерлігі мен Отан қорғауға шексіз берілгендігі үшін «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» ордені үкіметтік марапатына лайық.

     

    30 гвардиялық әуе-десант полкының командирі, гвардия подполковнигі Переудин.

    343 дербес армиялық айып ротасының командирі, гвардия капитаны Прокопенко.

    1944 жыл, 9 қыркүйек.

    ***

    10 Қызыл Ту орденді гвардиялық Кривой Рог әуе-десант дивизиясына бұйрық №036/Н. 1944 жыл, 19 қыркүйек.

    «Қызыл жұлдыз» орденімен марапаттаймын:

    343 дербес армиялық айып ротасының пулеметшісі, қатардағы жауынгер Жауғашаров Түлкібайды.

     

    10 Қызыл Ту орденді гвардиялық Кривой Рог әуе-десант дивизиясының командирі, гвардия полковнигі Петрушин.

    Штаб бастығы, гвардия полковнигі Игнатьев.

     

    Құрақбаев Жұбан (1909 - 1980)

     Марапаттау қағазынан: 1909 жылы туған, 1942 жылдың тамызынан Отан соғысында Ленинград майданында. 1943 жылғы 20 наурызда және 1944 жылғы 11 ақпанда жеңіл жараланған. Бұрын «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

    Социалистік Отан үшін шайқаста қызылармияшы Құрақбаев Отанымыздың әрбір сүйемін қорғауда гитлершілдерді аяусыз талқандады. 184 миномет полкының минометшісі болған ол Красный Бор маңында 1943 жылғы 20 наурызда бірінші жарақатын алды, бірақ ұрыс алаңын тастаған жоқ. Кеңестік Эстонияны азат ету үшін шайқаста Нарва қаласы аумағында немістермен ерлікпен күресті. 1944 жылғы 11 ақпанда шабуылға тойтарыс бере жүріп екінші рет жараланады. Ұрыс алаңында қан төккені үшін, ерлігі мен батылдығы үшін  «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі үкіметтік марапатына лайық.

    386 Выборг атқыштар полкының командирі, подполковник Савченко.

    1945 жылғы 5 наурыз.

    ***

    23 армия 178 Қызыл Ту орденді Кулагин атқыштар дивизиясының марапаттау туралы бұйрығы №018/Н. 14 наурыз, 1945 жыл.

    «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапаттаймын:

    386 Выборг атқыштар полкының атқышы қызылармияшы Құрақбаев Жұбанды.

     

    178 Қызыл Ту орденді Кулагин атқыштар дивизиясының командирі, полковник Лебединский.

    178 Қызыл Ту орденді Кулагин атқыштар дивизиясының Штаб бастығы, полковник Есипов.

    ***

    Марапаттау қағазынан үзінді:

    Қатардағы Гвардия жауынгері Құрақбаев Жұбан, «Қызыл жұлдыз» орденіне ұсынылады. Құрақбаев жолдас 1943 жылдың қарашасынан Отан соғысы майданына қатыса отырып, орасан зор жауынгерлік жолдардан жүріп өтті. 3 соғыс жарақатын алды: 1943 жылдың 20 наурызында Ленинград облысының Красный Бор селосы маңында жеңіл, 1944 жылдың 11 ақпанында Нарва қаласы маңында ауыр, 1945 жылдың 8 мамырында Латвия ССР-і Ценкури селосы түбінде жеңіл жараланды.

    «Қызыл жұлдыз» ордені үкіметтік марапатына лайық.

     

    87 Қызыл Ту орденді Гвардиялық атқыштар полкының командирі, Гвардия подполковнигі Третьяк.

    1945 жыл, 25 маусым.

    ***

    Ленинград майданының 10 Гвардиялық Армиясы 29 Қызыл Ту, Суворов орденді Ельнинск Гвардиялық атқыштар дивизиясының бөлімдеріне бұйрық №024/Н. 1945 жыл, 30 маусым.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    87 Қызыл Ту орденді Гвардиялық атқыштар полкының атқышы қатардағы Гвардия жауынгері Құрақбаев Жұбанды.

     

    29 Гвардиялық атқыштар дивизиясының командирінің міндетін атқарушы, Гвардия подполковнигі Фролов.

    Дивизияның Штаб бастығының міндетін атқарушы, Гвардия подполковнигі Королев.

     

    Қарымбаев Амандос (1911 - )

    Марапаттау қағазынан:

    «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» орденіне ұсынылады. 1911 жылы туған, 1943 жылғы тамыздан ВКП (б) мүшесі, 1942 жылдың 18 тамызынан 1943 жылдың 5 сәуіріне дейін Калинин майданында, 1943 жылдың 5 сәуірінен 1943 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Брянск майданында, 1943 жылдың 1 қыркүйегінен Белорусь майданында болған. 1943 жылғы 5 шілдеде Орел облысы Васильево деревнясы маңында оң қолынан жеңіл жарақаттанған. 1942 жылдың 1 шілдесінен Қызыл Армия қатарында.

    Бұрынғы марапаттары: 1944 жылғы 10 маусымдағы 1208 атқыштар полкы бойынша  №035/Н бұйрығымен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен, 1944 жылғы 18 шілдедегі 362 атқыштар дивизиясы бойынша №094/Н бұйрығымен «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.

    1945 жылғы 16 сәуірде Одер өзенінің батыс жағалауында, Визенау деревнясы тұсында есептоп құрамында өз міндетін үздік орындады, жаудың бір блиндажын, бір станокты пулеметті, екі қол пулеметін және бір артиллериялық бақылау пунктін жойды. Соның арқасында бөлімнің жауынгерлік тапсырманы табысты орындауна мүмкіндік жасады. Қарымбаев жолдасты «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» үкіметтік марапатына ұсынамын.

     

    1208 Қызыл Ту орденді атқыштар полкінің командирі, майор Локтионов.

    1945 жыл, 6 мамыр.

    «ІІ-дәрежелі Отан соғысы» үкіметтік марапатына лайық».

    362 Қызыл Ту орденді Верхнеднепровск атқыштар дивизиясының артиллерия қолбасшысы, подполковник Бескоровнов.

    1945 жыл, 11 мамыр.

    ***

    І Белорусь майданының 362 Қызыл Ту, Суворов орденді Верхнеднепровск атқыштар дивизиясы бойынша бұйрық №043/Н. 1945 жыл, 24 мамыр.

    «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаймын:

    1208 Қызыл Ту орденді атқыштар полкінің 122 мм миномет батареясының көздеушісі сержант Қарымбаев Амандосты.

     

    362 Қызыл Ту, Суворов орденді Верхнеднепровск атқыштар дивизиясының командирі, генерал-майор Еншин.

    Кадр бөлімшесінің бастығы, капитан Беликов.

     

     

    Жүсіпұлы Балымбет

    Ескенебаев Аралбай 

    Дәлиев Әубәкір

    Сугуров Нургали - "Даңқ" орденінің екі дүркін иегері

    Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz