Тылда еңбек еткендер
Күлімбетов Сәдібас (1890-1965)
1941-1945 жылдары «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Интернационал» колхозының төрағасы қызметін атқарған. 1918-1920 жылдары Азамат соғысында Чапаев дивизиясы құрамында соғысқан.
Наурызұлы Жақсылық (1887-1961)
Наурызұлы Жақсылық 1887 жылы «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Жиделі» ауылында дүниеге келген. Жастайынан жұмысшы болып еңбек жолын бастаған. 4 кластық білім алып, көп ұзамай дүкен меңгерушісі болып орналасқан. Халыққа қалтқысыз қызметінің және аз уақытта сауда саласының қыр-сырын қыр-сырын жетік меңгергенін байқаған аудандық тұтынушылар одағының төрағасы Жақсылықты аудандық дайындау конторының бастығының орынбасары етіп тағайындайды. 1940 жылы «Октябрь» колхозында орналасқан селолық тұтынушылар кооперативіне бастық етіп жібереді. Сол кездегі Сырдың жағасындағы 10 колхоздың еңбекшілерін азық-түлікпен қамтамасыз ететін тұтынушылар одағын басқарады. Елді ат-көлікпен өз мезгілінде қажетті бұйымдармен қамтамасыз етуде ерен еңбек етіп, ел алғысына бөленеді. 1947 жылы еңбек демалысына шыққанмен жұмыстан қол үзбей 1957 жылға дейін сауда саласында әр түрлі қызмет атқарады. 1961 жылы 3 қарашада ауыр науқастан қайтыс болады.
Баймаханов Әбдіраман (1896-1972)
Баймаханов Әбдіраман 1896 жылы «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Жаңалық» колхозында дүниеге келген. 1929 жылы «Жаңалық» колхозында жұмыс істеген. 1942 жылы еңбек майданына алынып, Мәскеу жанындағы Сталино қаласыныда көмір шахтасында 1946 жылға дейін жұмыс істеген. Стахановшы атанып, бірнеше медальдармен марапатталған. 1947 жылы елге оралған соң «Табанкөл» каналын қазуға атсалысқан. 1960 еңбек демалысына шыққан.
Келісбаев Кәдір (1898-1988)
Кәдір ата 1898 жылы «Арықбалық» ауылында дүниеге келген. Кезінде колхозға мүше болған. Соғыс жылдарында, яғни 1943 – 1946 жылдарда еңбек колониясында жұмысшы болып еңбек еткен.30 жасына дейін ауылдағы қара жұмыстарды атқарған. Канал қазу, бақташылықты кәсіп еткен. Балаларының айтуынша 30 жасында Кәдір ата ұсталыққа мойын бұрған. Бұл кісі ешқашан ауру дегенді білмеген. Ислам дініндегі адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерін бойына сіңіре білген, ешуақытта дүние мүлікке, атақ пен мансапқа қызықпағандығымен ерекшеленеді.Өте әділ,таза, адал адам болған.
Ниязов Пірімжар (1898-1979)
Ниязов Пірімжар «Арықбалық» ауылдық Кеңесіне қарасты «Жиделі» колхозында дүниеге келген. 1934 жылға дейін колхоздың түрлі жұмыстарын атқарған. 1934 жылдан 1946 жылға дейінгі аралықтарда «Арықбалық» ауылдық Кеңесінің төрағасы, 1946-1960 жылдары су шаруашылығы маманы қызметтерін атқарған.
Тұрғанбай Әли (1900-1978)
1942-1944 жылдары еңбек майданында болған. Соғысқа дейін, соғыстан кейін колхоздың малын баққан.
Жұбаназаров Ойнар Матығұлұлы (1921-1995)
Жұбаназаров Ойнар 1921 жылы Арықбалық ауылында кедей диханның семьясында туған. 1929 жылдан колхозда мүше болып кірген. 1940 жылы бұрынғы «Интернационал» орталау мектебінің 7 класын бітірген. 1940 жылдан 1942 жылға дейін «Жаңалық» колхозында колхозшы болған. 1942 жылдан 1952 жылға дейін Свердлов облысы , Каменский -Уралский ауданы , № 705 Синарская трубный заводта 11 цехта жұмыс істеген. 1952 жылдан 1953 жылға «Ленин» атындағы колхозда колхозшы болған. 1953-1954 жылдарда Қазалы қаласындағы бір жылдық мал шаруашылығы мектебін оқып бітірген.1954-1955 жылдары «Ленин» атындағы колхозда сиыр фермасында есепші болған. 1956 – 1987 жылдар аралығында совхозда түрлі жұмыстар ( сиыр бақташысы, күріш, жоңышқа, жүгері сушысы) атқарған. Осы жұмыстарды атқарып жүріп, 2 рет Арықбалық ауылдық Советінің депутаты болған.
1977 жылы Социалистік жарыс жеңімпазы медалімен, 1995 жылы « Жеңістің елу жылдығы » мерекелік медалімен наградталған. 1995 жылы желтоқсан айының 8 - жұлдызы күні 75 жасында қайтыс болды.
Сәдірбеков Жәнібек (1907-1997)
Сәдірбеков Жәнібек 1907 жылы «Арықбалық» ауылында дүниеге келген. «Чапаев», «Жиделі», «Иинтернационал», «Димитров», «Жаңалық» колхоздарында жұмыс істеген. Молотилкамен астық жинаған.
Қарабураева Қанзада (1922 жылы дүниеге келген)
Қарабураева Қанзада Арықбалық ауылы «Жиделі» колхозының орнында 1922 жылы туылған. Әкесі ертеде 2 жасында қайтыс болып, сонан соң есейгенше анасының тәрбиесінде болды. Ол есін біле бастағанда 1931-32 жылғы ашаршылықта туыстары Қосжан, Жөлекеш, Смағұл ағаларына еріп Қарақалпақстанға Үргенішке көшті. Сонан 1932 жылы елге оралды, ол кезде артель колхоз болып ұйымдасып жатыр еді, олар колхозға мүше болып кірді. Колхозға астықтай, малдай көмек берді. Анасы колхозда жұмыс істеді. Қанзада осы ауылдағы Жиделі колхозында ашылған мектепте 1934 жылдан бастап оқыды. Ол кезде мектеп 7 жылдық, сол 7 жылдықты бітіру бойына ол колхозға кеңсе жұмысына орналасып кетті және 1941 жылы соғыс басталып кетіп әрі қарай оқуға мүмкіндік болмады. Сол бағытпен колхоздың әртүрлі жұмыстарын істеп жүрді.
1943 жылы Төлешпен бас қосты. Мадина атты қыз және Жаңабай атты ұл балалары болды. 1954 жылы Төлеш қайтыс болды. 1954 жылы кітапхана меңгерушісі болып істеді. 1958 жылдан 1961 жылға дейін медпункте санитарка болды.1961 жылдан бастап клубта меңгеруші болып жүріп, өз бетіммен іс жүзінде киноаппаратын үйреніп Қызылордаға барып емтихан тапсырып, сонан соң киномеханикке ауысты.Сол жұмысты 16 жыл үздіксіз атқарып аудандағы алғашқы киномеханик әйелдердің бірі атанған.
1977 жылы зейнеткерлікке шықты. Жеті рет жергілікті, бір рет аудандық советке,бір рет облыстық кино жүйесіне пленум мүшесі болды.Аудандық партия конференциясына 3 рет делегат болды. 1974-75 жылы социалистік жарыс озаты значогімен, 1973-75 жылы «Еңбек озаты» медалін екі рет алды. Бірнеше сыйлық алды. Лениннің туғанына 100 жылдығына «Еңбектегі ерлігі» медалімен награтталды. Жеңістің 60 жылдығы медалімен награтталды.
Бүгінде сегіз немере және шөбере көріп отыр. Немересінің алды Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы республикалық физика- матиматика мектебін күміс медальмен бітіріп, қазір Ұлыбритания елінде қызмет етеді.Әженің тәрбиесін алған екі шөбересі Қызылорда қаласындағы «Қазақ-Түрік лицейінің » шәкірттері атанып, білім алуда.
Қарабураева Қанзада бүгінде шежіреші әрі шебер әже атанып отыр. Аудандық әжелер сайысында жүлделі бірінші орынды жеңіп алған әже аудандық және облыстық ақпарат беттеріне өзі кезінде куә болған және ұмытылып бара жатырған оқиғалар туралы материалдары жарияланып жүр. Қанзаданың ерекше қасиеті кез-келген ортада дастархан басында шежіремен бірге өзі оқыған кітаптарынан қызықты оқиғаларды және жастарға өнеге болатын өсиет сөздерді үнемі айтып отыратындығымен бірге өте турашыл да еңбекқорлығы. Қанзаданың қолынан шыққан түскиізімен иінбауы Алматы қалалық музейінде сақтаулы.
Тәмпішева Мәриям (1917-2002)
1940-1945 жылдары «Арықбалық» ауылына қарасты «Интернационал» колхозында тракторшы болып қызмет атқарады. Трактормен жер жырту, етін егу жұмыстарын белсене атқарады.
Ербасов Байсуйеу (1894-1972)
1942-1944 жылдары еңбек майданында болған. Соғысқа дейін, соғыстан кейін колхозда мұрап болып еңбек еткен.
1 2 3 4 5 ⇒
|