Жақсылық Әлібек Әзілханұлының сайты

Среда, 08.05.2024, 09:09

Меню сайта

Вход на сайт


Поиск

Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Архив записей

Наш опрос
4. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен таныстыңыз ба?
Всего ответов: 43

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

                                                                                                           

     "От кешкен бейбіт өмір үшін"
    Бұл бет ауған соғысының ардагерлеріне арналады.

     
    Әзи Нұржан Нұрадинұлы
    (1966-2006)

        Жауынгер-интернационалист Әзи Нұржан Нұрадинұлы 1966 жылы Кызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1983 жылы қазіргі Жанқожа батыр ауылының №94 орта мектебін бітіріп, 1984 жылдың қазан айына дейін «Қызылқұм» кеңшарындағы №2 «Ажар» фермасында шопанның көмекшісі болып жұмыс істейді. 1984 жылдың қазан айының 20-да әскер қатарына алынып Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласы маңындағы полкте снайпер мектебінен өтеді. 1985 жылдың ақпан айында арнайы дайындалған әскерлер құрамында Ауғанстанға аттанады. 1987 жылдың наурыз айына дейін Ауғанстан елінің бұрынғы астанасы Қандағар провинциясында қауіп-қатердің ортасында әскери борышын өтейді. Шайқастар кезінде бірнеше рет жеңіл және ауыр жарақаттар алады. Соның салдарынан бауыр, бүйрек, т.б. ағзалары ауруға ұшырайды. 1987 жылдың аяғында елге аман-есен оралады. 1988 -1993 жылдары Алматыдағы халық шаруашылығы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша оқып-бітіреді. 1993-1995 жылдар аралығында ПМК-86, ПМК-87 мекемелерінде есепші, бас есепші, 1995-2002 жылдар аралығында Қазалы аудандық мәдениет бөлімінде бас есепші қызметтерін атқарады. 2002 жылы әскерде алған жарақаттары денсаулығына әсер етіп, ұзақ емделуден соң 2006 жылдың қыркүйек айында ауыр науқастан қайтыс болады. Артында асыл жары Сәуле, қызы Әнел, әке ғұмырын жалғастырар ұлдары Мұратхан мен Нұрахмет қалды.
    Мемлекеттік наградалары:
    1."Алғысы мол ауған халқынан” медалі. 1988 жыл.
    2. Әр кезеңдері берілген "Ауған соғысының ардагері” медалі.
    3. Әскери бөлім командирінің "Алғыс хаты”. 1987 жыл.
    4. КСРО Жоғары Кеңесі Президиуымының төрағасы М. С. Горбачевтың Грамотасы. 1988 жыл.
    5. "КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл” мерекелік медалі. 1988 жыл.
    6. "Соғыс іс-қимылдарының ардагері” медалі. 2006 жыл.
    7. Нұржанның зайыбы Сәулеге Кеңес Одағының батыры Р. Аушевтың өз қолымен тапсырылған "Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 15 жыл” естелік медалі .
    8. "Қандағар - "Оңтүстік” жауапкершілік аймағы” медалі. (қайтыс болғаннан кейін тапсырылды). 2012 жыл.
     
     
    Жұмабек Айдарбекұлы Табынбаев,
    Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты,
    «Алтын қалам», «Жыл журналисі» аталымының иегері,
    Облыстық «Сыр бойы», «Халық» гаеттерінің меншікті тілшісі.

    Соғыс салған сызат
     
      Терең шатқал, құз тастар тым заңғар,
      Қалдың иесіз қанша орден, сан медаль.
      Қалғып кетсем сен түсіме енесің,
      Қанға бөккен қаралы тау Қандағар.
     
      Нұржан Жанқожа батыр ауылындағы №94 мектепті бітірген. Ауылда құрылысшы болып жұмыс істеп жүрген кезі. Ауылдық кеңес хатшысы бірде әскерге шақыру қағазын әкеліп берді. Жазда пішен орып, бақша егетін бозбаланың денсаулығы мықты болатын. Тепсе темір үзердей жігіт аудандағы, облыстағы дәрігерлік тексеруден сүрінбеді. Күзде ағасы Нұрлан әскерден келуге тиісті еді. Кейін ойласа бауыры екеуі төрт жылдан кейін кездесіпті. Бұлар Қырғызстанның Ало-Тоо деген жеріне келіп аялдады. Көрші айылда Ауғанстандағы ұрыс қимылына қатысатын арнаулы бөлімше орналасыпты. Қолдары босағанда Нұржан сонда баратын. Бөлімше жауынгерлерінің жаттығуларына қызыға көз тастайды. Ауыл есіне түседі. Солдаттардың тірлігі балалық шақтағы соғыс ойнына ұқсайтын. Ойлана келе бұл осы бөлімшеге сұранды. Мұнда да сынақтан іркілмеді. Дайындық жаттығуларына қызу кірісті. Тәртіп аса қатал. Жұлдыз көмескілене ұйқыдан тұрғызады. Таң арайланғаннан түн жарымына дейін тыныштық жоқ. Алуан тәсілдерді меңгерді. Пышық қадау, қолма-қол айқасқа машықтанды. Арада 2 ай өтті. Бөлімшені Орта Азия әскери округінен жиналған жауынгерлермен біріктірді. Батальонға айналды. Дені қазақ, өзбек, қырғыз, тәжік ұлтының балаларынан құралған. Батальон Түрікменстанның Гюк-Төбе қаласына жеткізілді. Тағы да жаттығу. Енді күрделі түріне көшті. Парашютпен секірді. Нысана көздеді. Бұғаудан босанудың әдістерін үйренді. Жазық далада өскен Нұржанды әсіресе тауға өрмелеу қатты қинайтын. Бірақ қол жұмыстың қазанында шыныққан ауыл баласы мойымады. Өзгелерге қарағанда шөлге, суыққа төзімді болатын. Ақпан айының бас кезі. Арнайы жабдықталған батальон Термез арқылы Ауғанстан территориясына енді. Нұржандар өмір мен өлімнің белдесуін басынан өткерді. «Тіршілік» деген қасиетті сөздің мағынасына алғаш рет жете сезінді. Бірде батальонға Қандағар қаласына баруға пәрмен берілді. Бұл сапар екі аптаға созылды. Жорық жолында талай рет дұшпандардың тосқауылына ұшырады. Ысқырған оқтар. Жарылған мина. Алғашқыда көңілге үрей ұялатғанымен кейін бой үйренді. Минаға түсіп бірнеше техника істен шықты. Жараланғандар мен қаза тапқандар да болды. Көп қиындықпен Қандағарға да жетті. Сәл тынықтырып ең қызу соғыс нүктесіне жұмсады. Арнайы батальонға Гелмент өзенінің жанындағы қыстақты азат ету тапсырылды. Қыстақ қолдан-қолға екі мәрте өткен екен. Батальон жауынгерлері бар күштерін салды. Алайда дұшпанның ірі күші шоғырланған аймаққа ұзақ уақыт кіре алмады. Шығын да көп. Біраз жігіттер оққа ұшты. Саяси жетекші Садықов жараланып госпитальға түсті. Ақыр соңында батальон қыстаққа басып кірді. Аула шайқасына көшті. Бір үйдің жанынан жүгіріп өте берген Нұржан қалт тоқтады. Жан түршігерлік көрініс. Есік алдында қанға боялған келіншек пен жігіттің денесі жатыр. Олардың жансыз мүрдесін құшақтап, егіле жылап кішкентай қыз отыр. Нұржанның көзі қарауытты. Алқымына өксік тығылды. Бір сәт бар дүниені ұмытқан. Қалшиып тұрып қалыпты. Взвод командирінің «Әзиев жат» деген жанұшырған дауыстынан есін жиды. Көзіне еріксіз құйылған жасты сүртіп жата қалды. Тістеніп алдына қараған-ды. Қаба сақалды ауғандықтар қоршап жүгіріп келе жатыр. Кіжіне түсіп автоматынан ұзақ оқ боратты. Санасын жаңағы сұмдық оқиға жаулап алған. Осы мезетте қарулас достары да көмекке келіп үлгерді. Көптеген сарбаздарынан айрылған ауғандықтар қаша жөнелді.
      Бірде Нұржан мен қарулас серігі Мұрат Байсынов түнгі қарауылға тұрды. Екеуі өзен жағалауындағы окопта алма-кезек тынығады. Алдары өзен. Арқа беткейі таулы жартас. Әр жерден су арнасы мүжіген үңгірлер қарауытады. Мұрат қаруын қолына ұстап арлы-берлі адымдап жүр. Қалт тоқтады. Іле-шала барыстай қарғып үңгірге кірді. Жанталасқан айқай өзен жағалауын жаңғыртты. Нұржан көмекке ұмтылды. Байқағаны бір ауғандық жерде домалап жатыр. Екіншісінің тура алқымына мылтығын тіреп Мұрат тұр. Тұтқындарды сыртқа алып шықты. Тергеуде білгендері бұларды күндізгі ұрыс кезінде тосқауылға қалдырған екен. Олар түн жамыла қарауылды өлтіруге, негізгі қолға жол ашуға тиісті екен. Осылайша қыстақты ың-шыңсыз қайтарып алу жоспарланыпты. Бірақ арам ойлары іске аспады. Қырағы қарауылдардың арқасында солдаттар ажалдан аман қалды. Батальон командирі Нұржан мен Мұратқа сап алдында алғыс жариялады. Наградаға ұсынды.
      Енді бірде взвод тау шатқалындағы ауғандықтардың қару-жарақ қоймасын жоюға тапсырма алған-ды. Тау ішінде взводқа дұшмандар дүрсе қоя берді. Жартастарға бекінген жау қорғасын оқты қарша боратты. Көптеген солдат баудай түсті. Взвод есеңгіреп қалды. Алайда бастаушы танктің үстіндегі Нұржан салқынқандылық танытты. Ұрандап, өзінің бөлімшесін қарсы ұрысқа бастады. Қалған жауынгерлер де естерін жыйды. Қиян-кескі сұрапыл қас қарайғанша созылды. Орталықтан рациямен «Ауа-райының, түсер орынның қолайсыздығына байланысты десант тобы бара алмайды. Ешқандай көмек болмайды. Тосқауылды бұзып өтіңдер. Қалайда тапсырманы орындалуға тиісті» деген жарлық түсті. Бұл хабарды дұшмандар да естіген болуы. Шабуылды үдете түсді. Жауынгерлік намысты бәрінен жоғары қоятын взвод сынақтан сүрінбеді. Бұйрық мүлтіксіз орындалды. Жау қоймасының күлі көкке ұшты. Алайда жеңіс оңайға түскен жоқ. Небір өрімдей солдаттар ажал құшты. Сондағы алған жарақатының зардабы Нұржан Әзиевты күні бүгінгі дейін мазалауда. Екі бүйрегі сыр берді. І топтағы мүгедек атанды.
      Автор: Ауғанстан жерінде алған ауыр жарақатының салдары запастағы аға лейтенант Нұржан Әзиевтің өмірін жастай қиып кетті. Алайда оның жарқын бейнесі туған жерінде мәңгі сақтаулы. Өзі білім алған №94 мектептің шәкірттері жерлесінің есімін мақтаныш тұтады. «Ер өзі үшін туып, елі үшін өмір сүреді» деген осы да.
     
     
     
    Жүзіп өскен Ащыкөлдің толқынын
     
    Жалған ғұмыр тоқтатты да жүректі,
    Мекеніңді қайран Нұржан құм етті.
    Қиын-қыстау кезеңдерден сүрінбей,
    Өткен едің бауырым-ау білекті.
    «Қара алаңда» жарқылдадың жасындай,
    Қалың жауға оқ бораттың жасқанбай.
    Дұшмандардың бұзып өтіп қоршауын,
    Тіліп түскен наркескендей асыл-ай.
    Сол күндерге куә болған орденің,
    Ортамызда ілулі тұр тек сенің.
    Қарай бердік суретіңе қамығып,
    От-жалында атойлаған өренім.
    Жүзіп өскен Ащыкөлдің толқынын,
    Естимісің достарыңның сыр-мұңын.
    Білім алған алтын ұя мектепте,
    Ізі жатыр өшпейтұғын ер ұлдың.
     
    Ауғанстандағы ақиқат
     
      Ауғанстан. Қандағар. Осынау сөзде қаншама сыр жан тербетер мағына жатыр десеңші. Жорық жолдары. Қапияда оққа ұшқан қарулас дос. Ұлынан айрылып аңыраған ана. Қалайы табытқа оранған қыршын жас. Кір шалмаған ар-намыс. Әскери антқа адалдық. Баршасы сынапша жылжып көз алдыңнан өтері хақ. Кешегі уыздай солдаттар бұл күнде салаутты азаматтар. Уақыт бәріне емші. Десе де соғыс салған жүректегі жаралар толық жазылған жоқ. Бүгінгі әңгімеміз сын сағаттарда жігерін мұқалтпаған жерлесіміз Нұржан Әзидің қарулас серіктері жайлы өрбімекші.
      Бағдаттың санасынан жаңа ғана аяқталған шайқас кетер емес. Шатқалға иек артқан әскери колонна дұшмандардың нөсерлете атқан оғына тап болды. Бораған қорғасын оқ мұрты енді тебіндеген өрімдерді орып түсіп жатты. Қаймағы бұзыллмаған қазақы ауылда өскен Бағдат Серікбаев алғашқыда қаталдыққа бара алмады. Шариғаттан хабары мол әкесі Тоғамыс адалдық, мейрімділік ұғымдарын балаларының зердесіне жастайынан сіңірген-ді. Бозбаланың қолы адам атуға қалайша көтерілмекші? Бірақ жағдай өзгеше сипат берді. Дәл жанында қанға бөгіп, шалқасынан сұлап жерлесі жатыр. Оның жансыз мүрдесін көргенде қаба сақалдардың шоғырланған тұсына тістеніп ұзақ оқ жаудырды. Автоматшы солдаттың қырағы жанары нысанадан жаңылмады. Көптеген сарбаздарынан айрылған айғандықтар тау-тасты паналап шегініп кетті.
      Дұшмандардың басты тәсілі – тұтқиылдан соғу. Көзін соғыспен ашқан ауғандықтар соғыс айласына аса жетік. Ойын жасындағы баласы да иығына автомат асынады. Әрі көздегені мүлт кетпейтін мерген. Бірде бұлар Кабулға бет алған-ды. Дамань маңында дұшмандар кенеттен шабуыл жасады. Колоннаға бейбіт халыққа зиян тигізбей қыстақтан айналып өтіңдер деген бұйрық берілген-ді. Әдетте қыстақ көшесі тар, бұралаң жолды болып келеді. Үстіне жауынгерлер мінген бастаушы БТР іргелес ауладан атылған гранатомет оғынан кілт тоқтады. Іші көкала түтін. Мына қызыққа қараңыз. Таяқ тастамнан тиген мина Бағдаттан сәл ілгері отырған майордың денесіне қоса құрыш сауытты тесіп өтті. Сөйтіп әудем жерге жарылды. Майор қылышпен шапқандай екіге бөлініпті. Арасында тереңөзектік Арсений Головодский де бар бірнеше солдат жарақаттанды. Ал Бағдаттың денесіне сызат түспепті. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі». Егер гранатомет қашықтан атылғанда БТР-дың күлі көкке ұшатын еді. Келесі танктегілер тосқауылшыны атып тастады. Бұлар есін жиғанда жап-жас бала қаруын құшақтаған күйі өліп жатты.
      Кейінгі бір шайқаста Бағдат жарақат алды. Елге оралды. Бейбіт өмірде автоматын қайшы-тараққа алмастырды. Жеке кәсіпкер ретінде шаштараз ашты. Оны екінші топтағы мүгедектігіне орай алатын жәрдемақысынан өзге ешқандай жеңілдік қарастырылмағаны қынжылтады. Жылына ауруханада екі-үш мәрте емделеді. Мақаланы жазу барысында Бағдатқа қоңырау шалдым. Тұтқаны келіншегі көтерді. Мұңды дауыспен інімнің қатты сырқаттанып жатқанын жеткізді. Менің де көңілімді реніш басты. Өндірдей балаларды айдаладағы Ауғанстанға соғысқа жіберіп мүгедек атандырған атың өшкір Кеңес өкіметіне налыдым. Олар әскери антына адал болды. Қамал бұзар жаста оққа ұшқан, төсекке таңылған бачалардың обалы кімге? Бұған кім жауап қайтарады?
      Күмісбай Горькийдегі барлаушылар мектебін бітірді. Ауғанстанда жылжымалы барлау орталығының командирі болып тағайындалды. Балаң көңілдің әсері де. Алғашқы күні бөлімшеде шашылып жатқан автомат оқтарын таласа теріп, қалталарына салып алған-ды. Одақтың әскери мектебінде әрбір патронға қызыға қарайтын бұларға бәрі таңсық. Жаңадан келгендердің қылықтарына кәнігі жауынгерлер ішек-сілесі қата күлген-ді. Алайда мән-жайды жете ұғындырды. Өкініштісі сол түні күзетке алғаш шыққан жас солдат оққа ұшты. Бағы бар екен. Жарақаттанғанмен тірі қалды. Өзінің абайсыздығының жазасын тартыпты. Қараңғыда дыбыс беріп, жанып ұшатындықтан жалпақ тілде «жарқырауық қоңыз» аталатын оқтың түрі бар. Оны білмеген күзетші айқұш-ұйқыш ағылған от жолдарына аңтарылып қарап тұрса керек. Бекінісін ұмытып кетіпті. Өзіне беттеген «қоңыздың» дыбысы үзілген сәтте сұлап түсіпті.
      Алғашқы әскери тапсырма Күмісбайдың әлі есінде. Барлаушылар взводы Баграм жүзім алқабындағы ақаулы техниканы әкелуге аттанды. Жол-жөнекей тосқауылға кезікті. Барлаушылар қызу шайқасқа кіріскен. Өзгелер тасаға бекініп атысқанда, бұл ПРП-ның үстінде отырып соғысты. Қорқыныш деген мүлде қаперінде жоқ. Батылдан оқ тайсалды. Шайқастан соң ашық нысанаға айқын ілінетін тұстан аман қалғанына өзгелер қатты таңданды. Самарқанда білім алған Күмісбай тәжік, өзбек, орыс тілдерін жетік білуші еді. Ауған еріктілерін «жасылдар» деп атайды. Олар кеңес еліндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін қызығушылықпен сұрастырады. Бұлардың «Бізге ақша төлемейді. Отан бұйрығын орындап жүрміз» дегендеріне таң қалатын. барлаушылардың әскердің тіл-көзі, тыныс-тіршілігі болып есептеледі. Алар орны тым ерекше. Әрі өңшең спортшылардан жасақталған. Небір қысталаңнан өткен олардың жүріс-тұрысы да соншалықты еркін. Ерекше тапсырманы орындау кезінде Күмісбайдың барлаушылары дұшман қоршауында тұтас тәулік ұрыс жүргізді. Аш қасқырдай қаумалаған жаудың қыспағында жан-жақты қорғанысқа көшті. Таң қараңғысында құрсауды бұзып, негізгі құрамға қосылды. Барлаушылар взводы Кабул, Асад-Абад аралығын жаудан тазарту кезінде №149 мото-атқыштар гвардиялық дивизиясының алдыңғы сапында жүрді. Іріктелген өжет жауынгерлерден құралған бұл екпінді топ сынаның ұшы тәрізді еді. Барлаушылар взводының құрамы қысқа мерзімде жаңарып тұрады. Өйткені ондағы солдаттар өледі болмаса жарақаттанып госпитальға түседі. Күмісбайдың барлаушылары берген нақты мәліметпен «Град-241» (қырық ауызды катюша) жауды өлтіре соққылады. Дұшмандар көп шығынға ұшырады.
      Мұрат Байсынов мергендер мектебін аяқтап үлгірместен №4 батальон құрамында Ауған жеріне енді. Қандағар маңында аз уақыт таулы аймақтың соғыс тәсіліне машықтанды. Бірде батольон «Қара алаңда» торуыл құрған-ды. Барлаушылар берген мәліметпен жау керуендерін тосты. Сұрапыл айқаста саяси жетекші, капитан Сыдықов жарақаттанып қалды. Көп қиындықпен госпитальға жеткізілді. Гельмент өзенінің бойында жолдарға бақылау жасаған солдаттар әскери іс-қимылдарға да төселді. Қандағардан құпия тапсырмамен ұшып шыққан генерал мінген «Мигті» дұшмандар атып түсірді. Орталықтан қатаң пәрмен жетті. Суыт көтерілген №40-шы армия сол маңайды толық қоршауға алды. Операция кезінде Мұрат Байсынов қызмет жасайтын ротаға 2 танк, 2 миномет көмекке берілді. Әскер шұғыл жолға шықты. Рота межеленген жерге уақытылы жеткен еді. Бірақ түн қараңғысын жамылған дұшмандар дүрсе қоя берді. Таудың ұшар басына мұқият жасырылған ДЗОТ-тағы ірі калибрлі ЖШГ пулеметінен, қос қапталдағы жартастар арасынан атылған автоматтан минометшілер көп зардап шекті. Жағдайды таразылаған командир қысқа бұйырды. Брондалған техникалардың жарық шамдары сөндірілді. Жау ДЗОТ-ына пулеметтерден оқ жаудырылды. Танктер ауыр снарядтармен жойқын соққы берді. Айнала қорғанысқа (круговая оборона) көшкен ротаға таң ата қосымша күш келді. Дұшпан бекінісі жойылды. Дала госпиталы талқандалды. Бір айға созылған іс-қимылдар нәтиже берді. Қарсыластар мәмілеге келді. Генаралдың өлі денесі қайтарылып алынды.
      Миналанған алаңға тап болған батальон штабын қорғау Мұрат Байсыновқа жүктелген еді. 1200 метрден қапысыз ұратын «Драгунов» мерген мылтығы жанары қырағының қолында таптырмайтын қару. Мұраттың міндеті – жаудың пулеметшісін, мергенін аңду болатын. Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн. Нысананы анық көрсететін инфрақызыл көздеу аспабымен Мұрат тапсырманы мүлтіксіз орындады. Мұнан соң бригада командиріне ауғандықтардың жаңа позициясы жайлы мәлімдеді. Бұл координатаға артиллериялық залп берілді. Дұшпан қорғанысы жермен жексен болды.
      Қазіргі таңда біздің кейіпкерлеріміз ортамызда жүр. Мұрат Байсынов Қызылорда қаласында тұрады. Күмісбай болса Қазалыдағы қорғаныс істер жөніндегі бөлімінде қызмет жасайды.
    Copyright MyCorp © 2024
    Конструктор сайтов - uCoz