Әзиев Нұржан атындағы турнир
2014 жылдың ақпанның 15-і күні сағ. 9.30-да Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылуына 25 жыл толуына байланысты Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектепте мектеп түлегі, жауынгер-интернационалист Әзиев Нұржан атындағы жүлде үшін пневматикалық мылтық атудан аудандық турнир өткізіледі.
Қатысушылар: Қазалы аудандық білім бөліміне қарасты әр мектептен 1 команда.
І. Жарыс мақсаты мен міндеттері:
- Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, төзімділікке тәрбиелеу;
- Жауынгер-интернационалист Әзиев Нұржанды еске алу;
- Ату спортын дамыту;
- Облыстық жарысқа қатысушыларды іріктеу.
ІІ. Жарыс өтетін орны мен уақыты: Жанқожа батыр ауылындағы №94 орта мектеп.
15 ақпан, 2014 ж. Сағ. 9.30.
ІІІ. Команда құрамы: 3 мерген (АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, 1 ұл, 1 қыз).
ІҮ. Жарыс шарты: «П» спорттық нысанасына столға отырып ату.
Ату қашықтығы – 5 м; ату саны – 8 (3 байқау+5 есептік оқ).
Ү. Мараптталуы: Жарыс жүлдегерлері командалық 1,2,3-орынмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
ҮІ. Қамтамасыз етілуі: Оқтар мен нысананы қатысушы өзімен бірге алып келеді.
Жарыс ұйымдастырушысы: Қазалы аудандық білім бөлімі, Қазалы аудандық "Отан" қоғамдық бірлестігі.
Жарыс демеушісі: Әзиев Нұржанның сыныптас достары.